Өткенді ескере, болашаққа ұмтылу
YOUTH ECO CAMP TURAQTY JOL 7.0 ФИНАЛИСТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Автор: kazfuca
Дата проведения: Маусым 19, 2026
YOUTH ECO CAMP TURAQTY JOL 7.0 ФИНАЛИСТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясы TURAQTY JOL 7.0 ұлттық әлеуметтік эконауқаны аясында өткізілетін YOUTH ECO CAMP іріктеу кезеңінің қорытындыларын жариялайды. Финалистердің толық тізімімен ОСЫ СІЛТЕМЕ
арқылы танысуға болады.

TURAQTY JOL - өскелең ұрпақтың туған өлкеге ұқыпты әрі жанашыр көзқарасын қалыптастыруға бағытталған білім беру бағдарламасы. Бағдарлама мәдени, адамгершілік және экологиялық құндылықтарды дәріптеу арқылы жүзеге асырылады. Бұл жоба Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясы тарапынан бас серіктес Банк ЦентрКредит және ресми серіктес Chevron компаниясымен бірлесіп сәтті ұйымдастырылған жобаның алты циклінің жалғасы болып табылады.

Бастама Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының және ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік офисінің қолдауымен жүзеге асырылады.
Жоба тұрақты даму саласында бастамаларды әзірлеп, іске асыра алатын, сондай-ақ оларды кейіннен қаржыландырып, Қазақстан аумағында еңгізуге қабілетті жаңа буын экологиялық көшбасшыларын даярлау үшін тұрақты білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған. Байқауға 14 пен 18 жас аралығындағы оқушылар мен жастар қатысты. Биыл еліміздің барлық өңірлерінен шамамен 400 өтінім келіп түсті. Бұл жастардың экология және тұрақты болашақ мәселелеріне жоғары қызығушылық танытып отырғанын көрсетеді.

YOUTH ECO CAMP TURAQTY JOL 7.0 3-4 адамнан құралған командалар форматында өтеді. Жеті күн ішінде финалистер дәрістер, воркшоптар, бейіндік сабақтар, командалық жобалар әзірлеу, финалдық презентацияларды дайындау және қазылар алқасы алдында қорғау кезеңдерін қамтитын иммерсивті білім беру бағдарламасынан өтеді. Қорытынды іс-шаралар 2026 жылғы 26 шілде мен 1 тамыз аралығында Алматы қаласында өтеді.

TURAQTY JOL эконауқаны аясындағы жастардың инновациялық компонентін іске асырудың соңғы үш циклі барысында байқауға шамамен 5 500 өтінім ұсынылды. Ал жастардың эко-стартаптарын қаржыландырудың жалпы көлемі 35 миллион теңгені құрады. Биыл YOUTH ECO CAMP TURAQTY JOL 7.0 жалпы жүлде қоры 5 миллион теңгені құрайды.

Ұйымдастыру комитетінің байланыс ақпараты:
тел.: +7 700 394 32 32, + 7 700 394 32 34,
e-mail: turaqtyjol@gmail.com
Фестивальдің ресми Instagram парақшасы: @turaqty_jol

Категория: Сайттың жаңалықтары