23 тамыз күні Алматы қаласында "TURAQTY JOL" Ұлттық Әлеуметтік эконауқаны аясындағы Республикалық экологиялық идеялар мен жобалар Фестивалінің финалы өтті.
“TURAQTY JOL” Ұлттық әлеуметтік эконауқаны аясындағы Республикалық экологиялық идеялар мен жобалар фестивалі – мәдени-адамгершілік және экологиялық құндылықтарды бойына сіңіру арқылы өскелең ұрпақты туған жерге ұқыпты қарауға бағыттайтын бастама. Бұл бағдарлама жобаның бұрын сәтті жүзеге асырылған үш циклінің жалғасы болып табылады.
Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы Іскер әйелдер қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырған фестивальдің басты мақсаты 16-35 жас аралығындағы жастар арасында үздік инновациялық экожобалар мен стартаптарды анықтау болып табылады.
Еліміздің барлық өңірінен жіберілген 300-ден астам өтінім арасынан 10 команда іріктелді. Іріктелген командалар үшін арнайы шақырылған жетекші сарапшылардың қатысуымен онлайн шеберлік сыныптары, тренингтер мен воркшоптар өткізілді. Ақтық кезеңге өткен командалар 10 миллион теңге көлеміндегі жүлде қоры үшін бақтарын сынады. Финал барысында команда капитандары қазылар алқасы мүшелеріне өз эко идеяларын таныстырып және жобаны қолдауға лайық екендіктерін дәлелдеді.
Өткен жылдардағы табысты тәжірибеге сүйене отырып, ұйымдастырушылар Қазақстан тұрғындарының әртүрлі санаттарын – балалар мен жастардан бастап жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге дейін қолдай отырып, БҰҰ-ның тұрақты дамуының жаһандық мақсаттарына қол жеткізуге өз үлесін қоса алатынына сенімді. Бұл жоба елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға ұмтылыстың бір қадамы болып табылады.
Сараптамалық топ мүшелерін бағалау қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды. WECUBE жобасы өзінің бірегей тұжырымдамасының арқасында модульдік жел турбинасын әзірлегені үшін бірінші орынды иеленді және 5 миллион теңге көлемінде грантпен марапатталды. Екінші орын өрттермен тиімді күресу үшін озық технологияларды енгізу идеясымен SHABYT жобасына бұйырды, команда мүшелері 3 миллион теңге көлеміндегі грантқа қол жеткізді. SMART TRASH BIN жобасы., үшінші орын алып, 2 миллион теңге көлемінде грант иегері атанды, балалар өз жобаларын Қазақстанда жасанды интеллект көмегімен қоқыстарды сұрыптау және басқаруды жоспарлап отыр.
"ЦентрКредит Банкінің TURAQTY JOL эко-жобасына қатысуы жастар арасында экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру мен кеңейтуді қолдауға бағытталған. Осы бастама аясында біз ең алдымен экология саласында оң өзгерістер енгізуге қабілетті инновациялық идеялар мен стартаптарды қолдаймыз. Біз жас ұрпақтың әлеуетіне және олардың қоршаған ортаны сақтауға айтарлықтай әсер ету қабілетіне сенеміз", - деп атап өтті ЦентрКредит Банкінің тәуекел-менеджмент орталығының басқарушы директоры және жобаның бас серіктесінің өкілі Клара Эрмакбаева.
Бірінші орын алған WECUBE команда капитаны Кәрім Диасәлі ойынша “TURAQTY JOL” - Қазақстанның белсенді және зейінді жастары үшін ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы мен бей-жай қарамайтын компанияларының қолдауы арқасында әлемді жақсы жаққа өзгертуге қаншама мүмкіндіктер береді.
Іс-шараның өтуіне "Құмкөл Транс Сервис" компаниясы мен Tengrinews ақпараттық агенттігі де қолдау көрсетті.