Өткенді ескере, болашаққа ұмтылу
“TURAQTY JOL” Ұлттық Әлеуметтік эконауқаны аясындағы шығармашылық өнер байқауы
Автор: kazfuca
Дата проведения: Қыр. 11, 2023
“TURAQTY JOL” Ұлттық Әлеуметтік эконауқаны аясындағы шығармашылық өнер байқауы

Казахстанская Национальная Федерация клубов ЮНЕСКО “TURAQTY JOL” Ұлттық Әлеуметтік эконауқаны аясындағы “Cу ресурстарын қорғау” тақырыбында шығармашылық өнер байқауы басталғанын хабарлайды. Бұл байқау әрбір қатысушыға бейнелеу, сәндік-қолданбалы және фотоөнер арқылы су ресурстарын сақтау, тұрақты пайдалану және қалпына келтірудің маңыздылығы тақырыбында өз ойларын, идеялары мен эмоцияларын білдіруге мүмкіндік береді.
“TURAQTY JOL” – мәдени-адамгершілік және экологиялық құндылықтарды бойына сіңіру арқылы өскелең ұрпақты туған жерге ұқыпты қарауға бағыттайтын бастама. Бұл бағдарлама жобаның бұрын сәтті жүзеге асырылған үш циклінің жалғасы болып табылады.


Байқау Қазақстанның барлық өңірлерінен 12-35 жас аралығындағы қатысушылар үшін ашық. Байқауға қатысу тегін.


Өтінімдер 30 қазанға дейін қабылданады. "TURAQTY JOL" шығармашылық өнер байқауының ережелерімен осы сілтеме бойынша . танысып, тіркелуге болады.


Байқаудың басты мақсаты экологиялық мәдениетті арттыру және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын ілгерілету арқылы жастарды тәрбиелеумен қатар, суды тұрақты пайдалану мен орынды тұтыну маңыздылығына назар аудара отырып, су ресурстары мәселелері туралы көпшілікті хабардар ету.


Байқау үш номинация бойынша өткізіледі:


- "БИОАЛУАНТҮРЛІЛІК ЖӘНЕ СУ ӘЛЕМІНІҢ БОЛАШАҒЫ" көркемсурет номинациясы


- "СУДЫҢ ӨНЕРДЕГІ КҮЙІ" қолданбалы өнер номинациясы


- "СУ ГАРМОНИЯСЫ ГРАФИКАСЫ" графикалық дизайн және фотосурет номинациясы


Өткен жылдардағы табысты тәжірибеге сүйене отырып, ұйымдастырушылар Қазақстан тұрғындарының әртүрлі санаттарын – балалар мен жастардан бастап жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге дейін қолдай отырып, БҰҰ-ның тұрақты дамуының жаһандық мақсаттарына қол жеткізуге өз үлесін қоса алатынына сенімді.


Жоба Алматы қаласы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығымен бірлесіп, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық Комиссиясының, Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросының және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен іске асырылуда.


Жобаның бас серіктесі – ЦентрКредит Банкі.


Жобаның ұйымдастыруына "Құмкөл Транс Сервис", "Saikan" және "Caspian Group" АҚ компаниялары, сондай-ақ Tournaman платформасы қолдау көрсетті.




Қосымша ақпарат алу үшін келесі байланыстар арқылы хабарласыңыз:


Мирам Айсана, +7(778) 219-69-02 (WhatsApp қол жетімді), pr.kazfuca@gmail.com.

Категория: Сайттың жаңалықтары