Өткенді ескере, болашаққа ұмтылу
Түркістан қаласында жаңа саябақтың салтанатты ашылу және Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шара.
Автор: Дворец школьников – Клуб ЮНЕСКО г. Туркестан
Дата проведения: Мамыр 30, 2025
Оқушылар сарайының өнерпаз оқушылары қатысуымен өткен мәдени іс-шара.

Түркістан қаласында жаңа саябақтың салтанатты ашылуы өтті. Бұл шара Түркістан қаласының ерекше мәртебеге ие болуы және 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылды.
Ауқымды шарада Оқушылар сарайының өнерпаздары да өз өнерлерін паш етіп, белсенділік танытты. Талантты оқушыларымыз әсем әнмен көрермен көңілін көтерсе, бишілеріміз сахнада әдемі бимен қуантты.

Сонымен қатар, “Сурет” үйірмесінің жас шеберлері Түркістан облысының әкімі Нұралхан Оралбайұлына өз қолдарымен салған “Тұлпар” картинасын тарту етті.

Ең қуанышты сәттердің бірі – облыс басшысының Оқушылар сарайына күйсандық сыйға тартуы. Бұл біз үшін зор қуаныш пен үлкен құрмет!

Цель мероприятия: 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балалардың өнерін паш ету. Өнерлі, талантты оқушыларды қолдау және ынталандыру.
Компетенция: Мәдени әртүрлілік
Уровень: Қалалық
Категория: Жаңалықтар