«Тілдер әлемі»
Дата проведения: Маусым 27, 2025

«Тілдер әлемі» атты көптілділікке бағытталған танымдық шара
Оқушылар сарайында 3–7 сынып білімгерлерінің қатысуымен ерекше форматта ұйымдастырылған «Тілдер әлемі» атты көптілді шара өтті. Балалар үш тілде жасырылған мақал-мәтелдерді жалғастырып, сөйлемдер құрап, түрлі танымдық және шығармашылық тапсырмаларды орындады. Шара мерекелік атмосферада өтіп, оқушыларды тіл үйренудің шексіз мүмкіндіктерімен таныстырды. Бұл іс-шара балалардың зияткерлік қабілетін дамытып қана қоймай, олардың тілдерге деген қызығушылығын одан әрі оятты.
Цель мероприятия: Қазақ, ағылшын және түрік тілдерін үйренуге қызығушылықты арттыру, оқушылардың тіл мәдениетін дамыту, көптілділік құндылықтарын насихаттау.
Компетенция: Мәдени әртүрлілік
Уровень: Қалалық
Категория: Жаңалықтар