Өткенді ескере, болашаққа ұмтылу
THE PLANET OF ART – 2025 Халықаралық жастар фестивалінің музыкалық циклының басталуы
Автор: kazfuca
Дата проведения: Наурыз 21, 2025
THE PLANET OF ART – 2025 Халықаралық жастар фестивалінің музыкалық циклының басталуы

Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы THE PLANET OF ART - 2025 Халықаралық жастар фестивалінің музыкалық циклінің басталғанын хабарлайды.

2025 жылғы 20 наурызда Қазақстанның Дүниежүзілік ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтарының Федерациясына төрағалық ету аясында іске асырылатын THE PLANET OF ART - 2025 Халықаралық жастар фестивалінің музыкалық циклі ресми түрде басталды.

Жоба талантты жастарды қолдау және олардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға көмектесу, мәдени өзін-өзі көрсетудің алуан түрлі формаларын танымал ету және «бейбітшілік мәдениеті» тұжырымдамасы негізінде өскелең ұрпақтың достық байланыстарын нығайтуға бағытталған.

THE PLANET OF ART – 2025 Фестивалі БҰҰ Бас Ассамблеясы 2024 жылы қыркүйекте қабылдаған «Болашақ үшін Пактіні» ілгерілету, Антуан де Сент-Экзюперидің 125 жылдығы, Майя Плисецкаяның 100 жылдығы, Абай Құнанбаевтың 180 жылдығы, Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы және басқа да әлемдік мәдениетке елеулі із қалдырған көрнекті қайраткерлердің атаулы күндерін атап өту аясында жүзеге асырылады.

Фестиваль жас дарындарға вокалдық, аспаптық және хореографиялық бағыттарда өздерін көрсетуге мүмкіндік береді. Жоба өздерінің көркемдік дағдыларын дамытуға және шығармашылық арқылы бейбітшілік пен келісім идеяларын ілгерілетуге ұмтылатын ЮНЕСКО Клубтары мен Қауымдастықтары бар, ЮНЕСКО-ға мүше елдерден 12-18 жас аралығындағы қатысушыларға бағытталған.

THE PLANET OF ART - 2025 халықаралық мәдени алмасу үшін тұғырнама құра отырып, қазақстандық композиторлар мен хореографтардың туындыларын қазіргі интерпретациялауды танымал етуге ықпал етеді. Фестиваль шығармашыл жастарды қолдап қана қоймай, қатысушыларға өз елін әлем мәдениетінің жас амбассадорлары ретінде халықаралық сахнада танытуға бірегей мүмкіндік береді.

Өтінімдер 2025 жылдың 11 мамырына дейін қабылданады. Іріктеу қазақстандық қатысушылар үшін онлайн тур және офлайн тыңдау арқылы екі кезеңде өтеді, одан кейін үздік қатысушылар Қазақстанда өтетін финалға шақырылады. Финалға қатысушылар Қазақстан Республикасының жетекші педагогтары мен өнер қайраткерлерінің қолдауымен ұйымдастырылған білім беру және мәдени бағдарламаға қатыса алады.

Фестивальдің соңғы бөлімі Алматы қаласында өтетін жеңімпаздарды марапаттау рәсімімен бірге ауқымды Гала-концерт болмақ. Концерт әлемдік музыкалық мәдениет пен отандық композиторлардың шығармашылығын біртұтас театрландырылған бағдарлама аясында біріктіреді.

THE PLANET OF ART - 2025 көрнекті ерекшелігі Гала-концерттің симфониялық оркестрмен сүйемелдеуімен өтетін дәстүрін қайта жаңғырту болмақ.

Фестиваль Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясымен және Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп және Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы, облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік кеңсесі, Қазақстандағы ЮНЕСКО клубтары және жобаға қатысушы елдердің басқа да әріптестерінің қолдауымен өткізіледі.

ЖОБА ЕРЕЖЕСІ

ТІРКЕЛУ

Жоба туралы қосымша ақпарат алу:
Телефон: +7 700 394 32 32, +7 700 394 32 34 (WhatsApp)
Email: art.kazfuca@gmail.com
Ресми сайт: https://unescoclubs.kz/
Instagram: https://www.instagram.com/unescoclubskz/

Категория: Сайттың жаңалықтары