Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы және Дүниежүзілік ЮНЕСКО клубтары және қауымдастықтары Федерациясымен (WFUCA) бірлесіп ұйымдастырған THE PLANET OF ART-2024 халықаралық жастар фестивалінің іріктеу туры аясында 81 жеңімпаз және 476 финалист анықталды. Жеңімпаздар мен финалистердің толық тізімімен сілтеме бойынша танысуға болады.
2024 жылы THE PLANET OF ART-2024 Халықаралық жастар фестивалінің көркемдік циклі ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра объектілері туралы білімді зерделеуге және Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының 15 жылдығына арналып, Қазақстанның Дүниежүзілік ЮНЕСКО клубтары мен ассоциацияларының Федерациясында төрағалық етуі аясында өткізіледі. Әлемнің 34 елінен 3 пен 18 жас аралығындағы мыңдаған балалар мен жастар өздерінің Дүниежүзілік мұра нысандарын көрсететін жұмыстарын ұсынды. Жұмыстар үш санат бойынша қабылданды: кескіндеме, фотография, мүсін және сәндік-қолданбалы өнер. Ұйымдастырушылар қатысушыларды мәдени және табиғи әртүрлілікті қорғауға, тұрақтылыққа және маңыздылыққа қатысты тақырыптарды зерттеуге шақырды.
Жоба тек әлеуметтік сипатта және дарынды жас суретшілерді өздерінің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға және ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұрасын насихаттауға қолдау көрсетеді.
Халықаралық деңгейде өткізілуі мен тұрақтылығының арқасында байқау жыл сайын 10 000 қатысушыны қамтып, көрші елдер мен шет елдердің шалғай аудандарында, ауылдарында тұратын жастарға әртүрлі әлеуметтік жағдайы мен тұрғылықты мекен-жайына қарамастан, өз шығармашылығын көпшілікке паш етіп, тегін қатысуға мүмкіндік береді. Ал байқаудың ақтық сынына өткен қатысушылар Қазақстанның үлгілі, тәжірибелі мамандарынан тәлім алып, өз дағдыларын шыңдай алады.
Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, THE PLANET OF ART-2024 фестивалі әр қатысушының өз болмысын ашуға септігін тигізіп қана қоймай, басқа ұлт өкілдерімен достық қарым қатынас орнатып, мәдениетін түсініп, болашақта өзара бейбіт өмір сүруінің кірпішін қалайды.
Фестивальге Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы, Қазақстан Республикасы Білім министрлігі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі және ЮНЕСКО-ның Алматыдағы аймақтық кеңсесі кеңінен қолдау көрсетуде. Жобаның ресми серіктесі: Eurasian Resources Group (ERG). Бірлескен еріктес: CNPC компаниясы, ТенгизШевройл компаниясы және TotalEnergies E&P Kazakhstan.
Фестивальдің шарықтау шегі – жобаның финалистері мен жеңімпаздарының жұмыстары қамтылған «Әлемдік мұра өнері» тақырыптық альбомын шығару және тұсаукесері, сондай-ақ 2024 жылы 24 – 27 қарашада Алматы қаласында фестиваль жеңімпаздарын марапаттау рәсімінің өтуі.