Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтар Федерациясы THE PLANET OF ART-2024 халықаралық жастар фестиваліне өтінімдерді қабылдауды 2024 жылғы 16 тамызға дейін ұзартылғанын хабарлайды. Байқау шарттарымен осы сілтеме арқылы танысуға болады.
2024 жылы THE PLANET OF ART-2024 Халықаралық жастар фестивалінің көркемдік циклі ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра объектілері туралы білімді зерделеуге және таратуға, сондай-ақ Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының 15 жылдығына арналып, Қазақстанның Дүниежүзілік ЮНЕСКО клубтары мен ассоциацияларының Федерациясында төрағалық етуі аясында өткізіледі. Әлемнің түкпір-түкпірінен 3-18 жас аралығындағы балалар мен жастар өз таңдауы бойынша бір немесе бірнеше дүниежүзілік мұра нысандарын бейнелеуге шақырылады. Өтінімдер кескіндеме, мүсін, фотография және сәндік-қолданбалы өнер санаттары бойынша қабылданады. Ұйымдастырушылар мәдени және табиғи әртүрлілікті қорғауға, тұрақтылыққа және маңыздылыққа қатысты тақырыптарды зерттеуге шақырады.
Жоба тек әлеуметтік сипатта және дарынды жас суретшілерді өздерінің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға және ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұрасын насихаттауға қолдау көрсетеді.
Халықаралық деңгейде өткізілуі мен тұрақтылығының арқасында байқау жыл сайын 10 000 қатысушыны қамтып, көрші елдер мен шет елдердің шалғай аудандарында, ауылдарында тұратын жастарға әртүрлі әлеуметтік жағдайы мен тұрғылықты мекен-жайына қарамастан, өз шығармашылығын көпшілікке паш етіп, тегін қатысуға мүмкіндік береді. Ал байқаудың ақтық сынына өткен қатысушылар Қазақстанның үлгілі, тәжірибелі мамандарынан тәлім алып, өз дағдыларын шыңдай алады.
Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, THE PLANET OF ART-2024 фестивалі әр қатысушының өз болмысын ашуға септігін тигізіп қана қоймай, басқа ұлт өкілдерімен достық қарым қатынас орнатып, мәдениетін түсініп, болашақта өзара бейбіт өмір сүруінің кірпішін қалайды.
Фестивальге Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы, Қазақстан Республикасы Білім министрлігі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі және ЮНЕСКО-ның Алматыдағы аймақтық кеңсесі кеңінен қолдау көрсетуде. Жобаның ресми серіктесі: Eurasian Resources Group (ERG). Бірлескен еріктес: ТенгизШевройл компаниясы.
Фестивальдің шарықтау шегі – жобаның финалистері мен жеңімпаздарының жұмыстары қамтылған «Әлемдік мұра өнері» тақырыптық альбомын шығару және тұсаукесері, сондай-ақ 2024 жылы қарашада Алматы қаласында фестиваль жеңімпаздарын марапаттау рәсімінің өтуі.