Өткенді ескере, болашаққа ұмтылу
«ТЕҢІЗ АСТЫНДАҒЫ ЖАҢА ЖЫЛ»ҚОЙЫЛЫМЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАМЕН БАСТАЛДЫ
Автор: Дворец школьников – Клуб ЮНЕСКО г. Туркестан
Дата проведения: Жел. 20, 2024
«ТЕҢІЗ АСТЫНДАҒЫ ЖАҢА ЖЫЛ»ҚОЙЫЛЫМЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАМЕН БАСТАЛДЫ

Түркістан қаласындағы Оқушылар сарайында балаларға арналған қойылымның алғашқы көрсетілімі өтті. Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театрымен бірлесіп жүзеге асырылған шараға ерекше балалар, әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасының бүлдіршіндері қонақ болды.
«Теңіз астындағы жаңа жыл» қойылымы Райымбек Сейтметов театрында да қатар қойылды. Бір күнде, бір уақытта, екі сахнада 3 сеанстан көрермен назарына ұсынылды. Балалар су патшалығының жаңа жылына куә болды. Әртістермен бірге ән айтып, би-биледі. Мерекенің сәніне айналған Аяз атаның сыйлықтарын алып, көтеріңкі көңіл-күйде қайтты. Түрлі кейіпкерлермен танысты.

Цель мероприятия: Ерекше балалар мен аз қамтылған отбасы балаларына көңіл-күй сыйлау.
Компетенция: Мәдени әртүрлілік
Уровень: Қалалық
Категория: Жаңалықтар