Суретпен сөйлейтін әңгіме
Дата проведения: Сәуір 16, 2025

“Қазақ тілі” үйірмесінде ерекше форматтағы ашық сабақ өтті
“Қазақ тілі” үйірмесінде ерекше форматтағы ашық сабақ өтті. “Суретпен сөйлейтін әңгіме” тақырыбында өткен бұл сабақта балалар өз қиялынан туған әңгімелерін сурет арқылы жеткізіп, көркем ойлау мен тілдік қабілеттерін шыңдады.
Балалар тек тілді ғана емес, көркемдік талғам мен шығармашылықты да қатар дамытты. Ең бастысы аталмыш үйірмеде әр бала өз ойын еркін жеткізуді үйренеді және қазақ тілі грамматикасын меңгереді.
Цель мероприятия: Оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, сурет арқылы ой қорытуға, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Компетенция: Мәдени әртүрлілік
Уровень: Аймақтық
Категория: Жаңалықтар