Өткенді ескере, болашаққа ұмтылу
Speaking Time
Автор: Дворец школьников – Клуб ЮНЕСКО г. Туркестан
Дата проведения: Сәуір 30, 2025
Speaking Time – ағылшын тілінде сөйлеуге арналған ашық форматтағы кездесу.

Оқушылар сарайында ерекше форматта өткен «Speaking Time» кездесуі оқушылар үшін пайдалы әрі қызықты болды. Бұл шараның мақсаты - ағылшын тілінде сөйлеуге тырысу, қателесуден қорықпау, досыңа қолдау көрсету.

Кештің құрметті қонағы — Ph.D, әдебиет және тіл ғылымдарының докторы, АҚШ Индиана университетінің түлегі Сервет Челик болды. Ол оқушылармен өзінің шетелдегі оқу тәжірибесімен бөлісіп, тіл үйренудегі пайдалы кеңестерімен бөлісті.

Сондай-ақ “Ағылшын тілі” үйірмесінің жетекшісі Қабылова Оңласын мен “Түрік тілі” үйірмесінің жетекшісі Арғынбаев Ержан ұстаздарымыз бен Оқушылар сарайы директоры Индира Сарқытқызы оқушыларға тіл үйренудің маңыздылығы мен мүмкіндіктері жайында ой қозғады.

Кездесу оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға ғана емес, сонымен қатар өз ойын еркін жеткізуге, сеніммен сөйлеуге үйренуде мықты тәжірибе берді деп білеміз.

Цель мероприятия: Ағылшын тілінде сөйлеуге тырысу, қателесуден қорықпау, досыңа қолдау көрсету.
Компетенция: Мәдени әртүрлілік
Уровень: Аймақтық
Категория: Жаңалықтар