Өткенді ескере, болашаққа ұмтылу
ШЕТЕЛДІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ОҚУШЫЛАР САРАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ.
Автор: Дворец школьников – Клуб ЮНЕСКО г. Туркестан
Дата проведения: Қыр. 29, 2024
ШЕТЕЛДІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ОҚУШЫЛАР САРАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ.

⚜️ШЕТЕЛДІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ОҚУШЫЛАР САРАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ.

🔰Бүгін Түркістанға қала әкімі Н. Тұрашбековтың арнайы шақыруымен Дүниежүзілік қолөнершілер ұйымының белді мүшелері келді. Олардың қатарында алыс-жақын шетелдерден, атап айтар болсақ Австралия, Америка, Иран, Қытай, Малазия, Шри-Ланка, Бангладеш, Өзбекстан, Қырғызстан, Тайланд т.б. 30-ға жуық елдің қолөнершілер мен сарапшылар, зиялы қауым өкілдері бар.

Алдымен Оқушылар сарайына келген қонақтар біздегі “Өнер” бөліміндегі үйірмелермен танысып, шеберлік сағаттарына қатысты.

〽️Одан әрі “Этно-ауыл” кешіндегі жергілікті шеберлердің “Шығыс базары” көрмесін тамашалады. Ақ жаулықты әжелер ансамблі әсем әнмен тербесе, жастар келген қонақтарға ыстық бауырсақ пен қымыз-қымыран ұсынды.

Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесінің президенті Саад-Аль-Каддуми мен Азия-Тынық мұхит аймағы қолөнершілері дүниежүзілік кеңесінің президенті Азиз Муртазаев сөз алып, қаланың қонақжайлылығы мен шеберлердің туындысына жоғары баға берді. Әрі мұндай жиындар қолөнер туындыларының дамуымен қатар, елдер арасындағы ынтымақтастықтың да артуына сеп болатынын атап өтті.

🇰🇿Естеріңізде болса, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласына рухани және тарихи орталық ретіндегі ерекше мәртебе мәселесін көтеріп, тиісті тапсырма берген болатын. Осыған байланысты жаңа заң жобасы әзірленіп, оның бір тармағы – «Түркістандағы тарихи ескерткіштер мен мұраларды қорғау жұмыстары күшейеді» деп тоқталған еді. Оның ішінде ұлттық қолөнер саласындағы шеберлерге қолдау көрсету баса назарға алынатыны анық айтылған.

Осы орайда бұл шараның маңызы жоғары болмақ және жалғасын табарына сенеміз.

Цель мероприятия: Қолөнер туындыларының дамуымен қатар, елдер арасындағы ынтымақтастықты арттыру.
Компетенция: Мәдени әртүрлілік
Уровень: Халықаралық
Категория: Жаңалықтар