Өткенді ескере, болашаққа ұмтылу
ОЛИМПИАДАЛЫҚ ЧЕМПИОН НАРИМАН ҚҰРБАНОВ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЮНЕСКО КЛУБТАРЫНЫҢ ЕЛШІСІ АТАНДЫ
Автор: kazfuca
Дата проведения: Жел. 9, 2025
ОЛИМПИАДАЛЫҚ ЧЕМПИОН НАРИМАН ҚҰРБАНОВ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЮНЕСКО КЛУБТАРЫНЫҢ ЕЛШІСІ АТАНДЫ

2025 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстадық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясының Республикалық есеп беру және сайлау конференциясы аясында «Қазақстанның ЮНЕСКО клубтарының Елшісі» атағын беру рәсімі өтті. Осы жоғары марапатқа Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері және Азия чемпионы (үш мәрте) Нариман Құрбанов ие болды. Нариман – спорттық гимнастикадағы табандылық, мақсатқа жету және кәсіби шеберліктің символы болып табылады. Ол жай ғана спортшы емес – Қазақстан жастары үшін шабыт көзі.

«Мен үшін ЮНЕСКО клубтарының Елшісі атану - үлкен қуаныш және жауапкершілік. Менде Қазақстан жастары үшін спорттық жобаларды дамытуға көптеген идеялар бар және Федерациямен бірге біз жаңа буынның жетістіктерге жетіп, белсенді өмір салтын қалыптастыруына үлес қоса аламыз», – деді Нариман Құрбанов, Қазақстанның ЮНЕСКО клубтарының Елшісі.

Сонымен қатар, сол күні сахнаға өнер, медиа және музыка саласының тағы төрт танымал өкілі көтеріліп, Елші атағын алды:
• Айгерим Карибаева – суретші, @art_aika арт-брендінің негізін қалаушы, «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» ұлттық жобасының жеңімпазы (2021)
• Саян Байғалиев – суретші-мүсінші, В В.И. Суриков атындағы Мәскеу Мемлекеттік Академиялық Сурет Институтының түлегі, Jackson’s Painting Prize (Лондон, 2021) халықаралық конкурсының лауреаты, Forbes 30 Under 30 бағдарламасының қатысушысы, Open Studios Winzavod резиденті (2023)
• Махаббат Есен – журналист, теле және радио жүргізуші, медиаменеджер, инфлуенсер, ҚР БАҚ үздігі
• Ғалымжан Нарымбетов – «GN Septet» ансамблінің негізін қалаушы және солисті, ҚР мәдениет саласының үздігі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы, баяншылар мен аккордеонистердің Дүниежүзілік қауымдастығы мүшесі, «Ел мақтанышы» белгісінің иегері, сондай-ақ THE PLANET OF ART Халықаралық жастар фестивалінің аспаптық номинациясының тәлімгері.

Қазақстанның ЮНЕСКО клубтарының Елшісі атағы - Федерацияның жарғысына сәйкес берілетін ресми мәртебе. Ол екі жыл мерзімге беріледі, алайда Елшінің қозғалыс құндылықтары мен бағдарламаларына белсенді қатысуы жағдайында мерзімі ұзартылуы мүмкін. ЮНЕСКО Клубтық қозғалысы ЮНЕСКО-ның ресми серіктестері төрт санатынан біріне кіретіндіктен, Қазақстанның ЮНЕСКО клубтарының Елшісі мәртебесі ерекше жоғары болып саналып, қоғамдық ықпалы мен мәдени дипломатиясы мойындалған тұлғаларға беріледі.

Атақты беруге қатысты шешім коллегиалды түрде - Федерация мүшелерінің Жалпы жиналысында қабылданады. Бүгінгі таңда Федерация құрамына елдің барлық өңірінен 237 ЮНЕСКО клубы кіреді. Кандидатураларды талқылау және бекітуге ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының, сондай-ақ Алматыдағы ЮНЕСКО-ның өңірлік кеңсесінің өкілдері қатысып, шешімнің жауапкершілігі мен маңыздылығын көрсетеді.

Осылайша, Елші мәртебесі - символдық марапат қана емес, ол ЮНЕСКО-ның нақты миссия және кәсіби қызметі, жеке құндылықтары мен қоғамдық ұстанымы гуманистік идеалдарына сәйкес келетін тұлғаларға сенім болып табылады. Елшілер ресми түрде қозғалыстың өкілдері болып табылады. Олар өз мысалымен қоғамды шабыттандырып, мәдени, білім беру және жастар бастамаларын қолдап, ел дамуына ұлттық және халықаралық деңгейде үлес қосатын болады.

Категория: Сайттың жаңалықтары