«Музыка – бала тілінің әні»
Дата проведения: Шілде 16, 2025

«Ерте жастан музыкалық қабілетін дамыту» үйірмесінде өткізілген ашық сабақ.
Ашық сабақ ойын, ертегі және қойылым түрінде ұйымдастырылды. Сабақ барысында балалар хормен ән айтты, рөлдік ойындарға қатысты, тыныс және дауыс жаттығуларын орындады. Ән айту арқылы олар бірлік пен үндестікті сезінді, өз эмоцияларын музыка арқылы жеткізуді үйренді. Үй тапсырмасы ретінде тәрбиелік мәні зор «Ана туралы ән» ұсынылды. Сабақ баланың жан-жақты дамуына бағытталды.
Цель мероприятия: Балалардың музыкалық қабілетін дамыту, тілдік және эмоциялық өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін ояту арқылы өзін-өзі еркін көрсетуге үйрету.
Компетенция: Мәдени әртүрлілік
Уровень: Қалалық
Категория: Жаңалықтар