“Мен полиция боламын”
Дата проведения: Маусым 12, 2025

“Менің ата-анам полицей” сурет салу байқауы
Оқушылар сарайында Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен “Мен полиция боламын” және “Менің ата-анам полицей” сурет салу байқауы өтті.
Аталған сурет салу жарысына патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің 25 ұл-қызы қатысып, өзара бақ сынасты. Байқауда суретті жақсы салып, өз шығармашылығымен көзге түскен Мариям Абай - І орын, Балнұр Қалдыбай - ІІ орын, Айсұлу Сарсен - ІІІ орын жүлдегері атанды. Байқау жеңімпаздары мен қатысушыларына департамент басшылығының грамотасы мен сыйлықтары табысталды.
Байқауға біздің оқушыларымыз ерекше ынтамен қатысып, өз өнерлерін паш етті.
Цель мероприятия: Балалардың полиция мамандығына деген құрметі мен қызығушылығын арттыру.
Компетенция: Мәдени әртүрлілік
Уровень: Қалалық
Категория: Жаңалықтар