Мат қоюдың сыры – 2 жүрісте мат қою жолдары
Дата проведения: Маусым 20, 2025

Ашық сабақ
Сабақ барысында оқушылар екі жүрісте қарсыласына мат қоюдың түрлі әдістерін талдап, тақтада нақты мысалдар арқылы ойнады. Мұғалім оқушыларға түрлі тактикалық комбинациялар мен олардың қолданылу жолдарын түсіндірді. Сабақ өте белсенді, қызықты және танымдық сипатта өтті. Оқушылар өз ойларын еркін айтып, логикалық шешімдер қабылдауға дағдыланды. Шахматқа деген қызығушылықтары артып, күрделі позицияларды талдауда өзара пікір алмасты. Бұл сабақ оқушылардың зияткерлік қабілетін жетілдіруге және ойын арқылы ойлау жүйесін дамытуға бағытталды.
Цель мероприятия: Оқушыларға 2 жүрісте мат қою тәсілдерін үйрету, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және шахматқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Компетенция: Мәдени әртүрлілік
Уровень: Қалалық
Категория: Жаңалықтар