18 наурыз – Ұлттық киім күні. Бұл күн тек дәстүрлі киім үлгілерін дәріптеу ғана емес, сонымен бірге оның терең мағынасын ұғыну, әр бұйымның атауы мен тарихын білу үшін де маңызды.
Қазақ халқының ұлттық киімі – ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениеттің, дәстүрдің және ұлттық болмыстың айнасы. Әрбір ою-өрнек, әрбір деталь – халықтың өмір салты мен дүниетанымынан сыр шертеді. Алайда уақыт өзгерген сайын киім үлгілері де жаңарып, заман талабына бейімделуде.
Ұлттық киімді дәріптеу – тек киім үлгісін жаңғырту ғана емес, рухани мұраны сақтау, мәдениетті насихаттау. Заманауи қазақ киімі – ұлттық ерекшелікті, әсемдік пен ыңғайлылықты үйлестіретін стильді таңдау. Сондықтан әр қазақ ұлттық киімін мақтанышпен киіп, оның құндылығын болашақ ұрпаққа жеткізуі қажет.
Осы мақсатта Оқушылар сарайына қаламыздағы С.Сейфуллин атындағы Nº4 мектеп-лицей оқушылары ұлттық киіммен келіп, қазақы дәстүрдің әсем үлгісін көрсетті. Сондай-ақ оқушыларымыз халық күйлерінен шашу шашып, әсем бимен тамаша мереке жасады.