Өткенді ескере, болашаққа ұмтылу
Күш пен шеберлік сайысы: Түркістанда грэпплинг чемпионаты өтті
Автор: Дворец школьников – Клуб ЮНЕСКО г. Туркестан
Дата проведения: Маусым 30, 2025
Грэпплинг спорт түрінен Түркістан қаласының чемпионаты

Оқушылар сарайында жасөспірімдер мен жастар арасында грэпплинг спорт түрінен Түркістан қаласының чемпионаты өтті. Жарысқа қаланың әр аумағынан келген мықты спортшылар қатысып, өзара күш, ептілік және шеберліктерін сынға салды. Турнир жас балуандар үшін тәжірибе жинап, кәсіби деңгейге ұмтылуға таптырмас мүмкіндік болды.
Жарыс нәтижесінде үздік қатысушылар анықталып, жүлделі орындарға ие болғандарға марапаттар мен сыйлықтар табысталды.
Мұндай спорттық іс-шаралар жастардың рухын көтеріп, денсаулықты нығайтып, қоғамда салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады.

Цель мероприятия: Жасөспірімдер мен жастар арасында спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, грэпплинг арқылы шеберлік, төзімділік пен жарыс рухын қалыптастыру.
Компетенция: Мәдени әртүрлілік
Уровень: Қалалық
Категория: Жаңалықтар