Өткенді ескере, болашаққа ұмтылу
Корея Республикасында өткен Дүниежүзілік Конгресс аясында ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтары туралы басылымның тұсаукесері өтті
Автор: kazfuca
Дата проведения: Қаз. 26, 2023
Корея Республикасында өткен Дүниежүзілік Конгресс аясында ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтары туралы басылымның тұсаукесері өтті

Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясы ЮНЕСКО Хатшылығының жан-жақты қолдауымен ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп дайындалған "United by UNESCO: Associations and Clubs for UNESCO as a driving force for a sustainable future" басылымының тұсаукесерін сәтті өткізді. Іс-шара 2023 жылдың 26 қазанында Корея Республикасында ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтарының X Дүниежүзілік Конгресіне қатысқан шетелдік делегациялары үшін өткізілді.

Бұл іс-шараға әлемнің әр түрлі елдерінен 200-ден астам қозғалыс өкілдері, соның ішінде Сеулде ұсынылған дипломатиялық миссиялардың қызметкерлері және қабылдаушы корей тарапының үкіметтері қатысты.

30-дан астам мемлекеттер мен олардың Ұлттық Комиссиялары мен Федерациялары клубтардың бейбітшілікті, төзімділікті, мәдени әртүрлілікті құрметтеуді және бүкіл әлем бойынша тұрақты дамуды қолдаудағы рөлін көрсететін осы маңызды тарихи басылымды құруға күш салды.

Айта кету керек, бұл 5.000-нан астам ұйым мен әлемнің 90-ға жуық елі ұсынған қозғалыстың пайда болуынан қалыптасуына дейінгі барлық кезеңдерді қамтитын осындай ауқымдағы алғашқы тарихи басылым.

Ұйымдастырушылар "United by UNESCO: Associations and Clubs for UNESCO as a driving force for a sustainable future" басылымы жастар мен жұртшылық үшін ажырамас ресурс және шабыт көзі болып, олардың мәдениетті, ғылымды және білім беруді дамытуға белсенді қатысуын ынталандыратынына сенімді.

Қазақстандық Ұлттық Федерациясы "Altyn Qyran Foundation" бас демеушісіне жаһандық әл-ауқат пен дамуға ықпал ететін баға жетпес қолдауы үшін алғыс білдіреді.

Категория: Сайттың жаңалықтары