Өткенді ескере, болашаққа ұмтылу
IV республикалық “Jas Talant” онлайн байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Автор: Дворец школьников – Клуб ЮНЕСКО г. Туркестан
Дата проведения: Шілде 18, 2024
IV республикалық “Jas Talant” онлайн байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Түркістан қаласындағы “Оқушылар сарайы” - ЮНЕСКО клубында IV республикалық “Jas Talant” онлайн байқауының жеңімпаздары марапатталды. IV - Республикалық “JAS TALANT” онлайн конкурсы Түркістан Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетімен өзара ынтымақтастық меморандум аясында өткізілді.

Жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне “Оқушылар сарайының” директоры Индира Икапова, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің “Мәдениет және өнер” факультетінің деканы Тәңірбергенов Медеубек,
Қ.А.Ясауи атындағы “Жастар саясаты”департаментінің директоры Аружан Дәркенбай және ата-аналар мен ұстаздар қатысты.

Аталмыш байқау 2021 жылдан бері дәстүрлі түрде жалғасын тауып келеді. Негізгі мақсаты еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған мектеп бітірушілер мен колледж бітіруші түлектердің патриоттық сезімдерін ояту, өскелең ұрпақты көркем шығармашылыққа баули отыра,жас таланттарды анықтау.
Байқауға ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап, 50-ден астам үміткерлер құжат тапсырған. Тағайындалған әділ қазылар алқасы мыңнан жүйрік,жүзден тұлпар танылған 15 жеңімпазды анықтады.

“Өнерлі жас”, “Сән,дизайн”, “Хореография”, “Музыка пәні мұғалімдерін даярлау”, “Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау”, “Тынығу”, “Бейнелеу өнері” бағыттары бойынша 7 қатысушы жоғары оқу орнының ішкі грант иегері атанса, 8 үміткер оқу орнынан арнайы жеңілдіктерге ие болды.

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің “Өнерлі жас” бағыты бойынша І орынды Жанабаев Ақжігіт Ерболұлы иеленді.
М.Әуезов Оңтүстік Қазақстан университетінің “Сән,дизайн” бағыты бойынша Камалова Камила І орынды иеленді. ІІ орын иегері Ерханқызы Еркежан университетте білім алуға 75 пайыз, ІІІ орын иегері Бижан Ләйлі Нұрланқызы 50 пайыз жеңілдікке ие болды.

“Хореография” бағыты бойынша І орын Пердебекқызы Сағыныш университеттің ішкі грант иегері атанды. ІІ орын Оралхан Асел Рахымжанқызы университетте білім алуға 75 пайыз жеңілдікке ие болса, ІІІ орын Алчимбекова Томирис Садибековна білім алуға 50 пайыз жеңілдікті иеленді.

Цель мероприятия: Негізгі мақсаты еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған мектеп бітірушілер мен колледж бітіруші түлектердің патриоттық сезімдерін ояту, өскелең ұрпақты көркем шығармашылыққа баули отыра,жас таланттарды анықтау.
Компетенция: Мәдени әртүрлілік
Уровень: Республикалық
Категория: Жаңалықтар