ЮНЕСКО клубтарының Қазақстан ұлттық федерациясы Mitsubishi Asian Children’s Enikki Festa 2024–2025 халықаралық балалар шығармашылығы фестивалінің ұлттық кезеңінің қорытындысын шығарды.
Бұл жоба 24 елдің балаларын біріктіріп, өнер арқылы әлем мәдениетімен танысуға мүмкіндік береді. Эникки - жапон сөзі, балалар өз ойлары мен сезімдерін білдіре алатын «суреттелген журнал» дегенді білдіреді.
Қазақстандағы Гран-приді Томирис Дүйсенбай (8 жас, Қарағанды) жеңіп алды. Ол Жапонияның Осака қаласында Азияның ең үздік жас суретшілері бас қосатын марапаттау рәсімінде ел намысын қорғайды.
Сонымен қатар, ұлттық іріктеу нәтижелері бойынша келесілер марапаттарға ие болды:
• Үздік марапаты - Дана Молдыбаева (8 жас, Қостанай)
• NFUAJ сыйлығы – Әсем Нұрылбек (12 жас, Шымкент)• AFUCA сыйлығы – Камалия Иман (11 жас, Астана), Адия Жүсіпбек (12 жас, Шымкент), Эмина Қасымова (12 жас, Шымкент қ.)
• Mitsubishi PAC сыйлығы – Әсел Нұрылбек (12 жас, Шымкент), Дина Давлет (12 жас, Алматы)
Enikki Festa фестивалі балалардың көркем шығармашылығы арқылы мәдениетаралық диалогты дамытуға бағытталған.
Қазақстандық жеңімпаздардың жұмыстарын LINK сілтемесі арқылы көруге болады.