Өткенді ескере, болашаққа ұмтылу
Иса Байзақов атындағы қалалық конкурсқа өтінімдер қабылдау ашылды
Автор: kazfuca
Дата проведения: Қыр. 15, 2025
Иса Байзақов атындағы қалалық конкурсқа өтінімдер қабылдау ашылды

Алматыда аса көрнекті ақын, композитор әрі айтыс өнерінің шебері Иса Байзақовтың 125 жылдығына арналған қалалық музыкалық конкурсқа өтінімдер қабылдау басталды.

Конкурстың мақсаты - Иса Байзақовтың мұрасын сақтау және насихаттау, дарынды балалар мен жастарды қолдау, сондай-ақ дәстүрлі қазақ музыкалық өнерін дамыту.

Қатысуға Алматы қаласының жалпы білім беретін мектептері, лицейлері, гимназиялары, музыкалық мектептері мен колледждерінің оқушылары шақырылады. Жас санаттары: 12-15 жас және 16-18 жас.

Өтінімдер 2025 жылғы 15 қазанға дейін ОНЛАЙН-ФОРМА арқылы қабылданады.

Конкурстың финалдық кезеңі 2025 жылғы 27–29 қазан аралығында Алматы қаласындағы №83 гимназиясының концерт залында өтеді. Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.

Конкурсты Иса Байзақовтың отбасы мүшелері, Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы, «Көкіл» мектебі – ЮНЕСКО клубы және Алматы қаласындағы №83 гимназиясымен ұйымдастырылады.

Категория: Сайттың жаңалықтары