
Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы жастарға арналған ECO FEST байқауының іріктеу кезеңінің нәтижелерін жариялайды. Бұл байқау TURAQTY JOL 6.0 Ұлттық әлеуметтік эконауқан аясында ұйымдастырылды.
Финалистердің толық тізімімен ОСЫ СІЛТЕМЕ арқылы танысуға болады.
TURAQTY JOL - өскелең ұрпаққа мәдени, адамгершілік және экологиялық құндылықтарды сіңіру арқылы туған жерге ұқыпты қарау көзқарасын қалыптастыруға бағытталған білім беру бастамасы. Бұл бағдарлама – Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы тарапынан табысты өткізілген бес кезеңдік жобаның жалғасы болып табылады. Бастама бас серіктес - ЦентрКредит Банкі, ресми серіктес - Chevron компаниясының қолдауымен жүзеге асырылуда.
Бастама Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, Алматы қаласындағы ЮНЕСКО-ның Өңірлік кеңсесі, Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен жүзеге асырылуда.
Жоба ақпараттық серіктестері - "Almaty" телеарнасы және "Amanat Media Group" холдингі.
Жастарға арналған ECO FEST TURAQTY JOL 6.0 экологиялық мәдениет пен тұрақты даму мәселелеріне балалар мен жастардың қызығушылығын арттыруға және дамытуға бағытталған.
Бұл бастама үздік экологиялық жобалар мен шығармашылық бастамаларды қолдау арқылы олардың Қазақстан аумағында әрі қарай қаржыландырылуына және іске асырылуына мүмкіндік береді. Байқауға 12-ден 25 жасқа дейінгі мектеп оқушылары, студенттер мен жастар қатысты. Биыл жобаға Қазақстанның барлық өңірлерінен мыңнан астам өтінім қабылданды, бұл экология мен тұрақты болашақ мәселелеріне жастардың зор қызығушылығын көрсетеді. Байқау жұмыстары INNOVATION, ART және MEDIA бағыттарына ұсынылды.
Финалистер жобаларды сараптамалық қорғау, шығармашылық жұмыстар көрмесі, жетекші мамандардың шеберлік сыныптары және салтанатты марапаттау рәсімі кіретін мәдени-білім беру бағдарлама күтуде. Қорытынды шаралар 2025 жылғы 12-16 тамыз аралығында Алматы қаласында өтеді.
Қорытынды кезеңге кез келгені үш номинацияның финалисті қатысудан бас тартқан жағдайда, ұйымдастырушылар оны конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша жасақталған резервтік тізімдегі қатысушымен ауыстыруға құқылы.
Ұйымдастыру комитетінің байланыс деректері:
Тел.: +7 700 394 32 32, +7 700 394 32 34
Электрондық пошта: turaqtyjol@gmail.com
Фестивальдің ресми Instagram парақшасы: @turaqty_jol