Өткенді ескере, болашаққа ұмтылу
«The Planet of ART 2023» Халықаралық жастар фестивалі гала-концерті премьерасының жабық көрсетілімі өтті
Автор: kazfuca
Дата проведения: Қар. 29, 2023
«The Planet of ART 2023» Халықаралық жастар фестивалі гала-концерті премьерасының жабық көрсетілімі өтті

29 қарашада Алматы қаласында Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясы ұйымдастырған «The Planet of ART 2023» – «ЖҮРЕГІМІЗ БІРЛІКПЕН ҮНДЕССІН» атты Халықаралық жастар фестивалі гала-концерті премьерасының жабық көрсетілімі өтті

Бұл іс-шараға фестивальдің лауреаттары, жоба серіктестері, жеке және мемлекеттік сектор өкілдері, БАҚ және Қазақстандық ЮНЕСКО Клубтарының басшыларын қоса алғанды 100-ден астам көрермен жиналды.

Маусым айында Астана қаласында өткен “The Planet of ART 2023” Халықаралық фестивалінің Гала-концерті бір алаңның астына отандық композиторлардың әлемдік музыкалық мәдениеті мен шығармашылығын жинақтап, көрермендерге бірегей бағдарлама ұсынды, ал мағыналық тұжырымдамасы мен драматургиясы– "Жүрегіміз бірлікпен үндессін" тақырыбына негізделді. Биылғы фестивальдің ерекшелігі – заманауи өнерді ілгерлету арқылы жастар тілімен үндестіру еді.

Айта кету керек, гала-концерттің құрметті қонағы болған ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одри Азуле ханым алғаш рет жобаны тамашалады. Фестиваль дәстүрлі түрде ЮНЕСКО аясында және Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық Комиссиясының қолдауымен өткізілді.

Бес мыңнан астам үміткердің ішінен “The Planet of ART 2023” фестивалінің финалына қатысу үшін іріктелген Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Өзбекстаннан келген 12-18 жас аралығындағы 42 лауреат көрермендерді өздерінің көркемдік қабілеттері мен өнерлерін көрсете отырып, ұмытылмас музыкалық қойылымымен таң қалдырды.

Ұйымдастырушылар жабық көрсетілім көрермендерге спектакльдерді көру мүмкіндігін ғана емес, әлемдік музыкалық мәдениетпен терең және шабыттандыратын өзара іс-қимылды ұсынғанына, сонымен қатар оны жаңа деңгейге көтере отырып, "The Planet of ART" жобасының өміріндегі маңызды элемент болатынына сенімді.

“The Planet of ART 2023” бейне нұсқасын Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясының YouTube-арнасынан көруге болады.

Категория: Сайттың жаңалықтары