Өткенді ескере, болашаққа ұмтылу
Болашақ менің көзіммен
Автор: Дворец школьников – Клуб ЮНЕСКО г. Туркестан
Дата проведения: Сәуір 17, 2025
«Болашақ менің көзіммен» атты ашық аспан астындағы сурет байқауы өтті

«Болашақ менің көзіммен» атты ашық аспан астындағы сурет байқауы өтті

Бүгін Оқушылар сарайында ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған «Болашақ менің көзіммен» атты ашық аспан астындағы сурет байқауы сәтті өтті.

Байқаудың басты мақсаты — балалардың шығармашылық қабілетін, қиялын дамыту және өнер арқылы өзін еркін көрсетуге мүмкіндік беру.
Қатысушылар суреттерін еркін тақырыпта түрлі техникада орындап, өз көзқарастары мен ішкі әлемін көркем түрде жеткізді. Әр жұмыс ерекше мән-мағынаға толы болды.

Байқауға қаиысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Бұл байқау балалардың шығармашылық шабытын арттырып, олардың әлеуетін ашуға үлкен мүмкіндік береді деп сенеміз.

Цель мероприятия: Балалардың шығармашылық қабілетін, қиялын дамыту және өнер арқылы өзін еркін көрсетуге мүмкіндік беру.
Компетенция: Мәдени әртүрлілік
Уровень: Аймақтық
Категория: Жаңалықтар