
Оқушылар сарайында Отан қорғаушылар күніне орай «Батырлар рухына тағзым» атты анимациялық фильмнің көрсетілімі өтті.
Шараға Түркістан қалалық Прокуратурасының өкілі Тәжі Асхат мырза қатысып, жасөспірімдерге арнап патриотизм мен елге адалдық туралы сөз сөйледі.
Одан кейін оқушылар анимациялық фильмді тамашалады. Ол көрерменге батырлықтың мәнін, Отан алдындағы парыздың маңызын терең ұғындыратын ерекше туынды.
Сондай-ақ шара аясында оқушыларымыз Қазақстан киноматографистер одағының мүшесі, режиссер-мультипликатор Қайырғали Қасымовпен арнайы кездесті. Ол өзінің шығармашылығы жайында ой бөлісіп, анимация саласының қызықты тұстарымен таныстырды. Балалардың сұрақтарына жауап берді.
Оқушылар сарайы тәрбиелік мәні зор кездесулер арқылы өскелең ұрпақтың бойында ұлттық рух пен елге деген сүйіспеншілікті арттыруға ықпал еткіміз келеді.