Бүкіл елдің жастарын біріктіріп экологияны жақсартуға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды дамытуға үлес қосу үшін Қазақстанда TURAQTY JOL ұлттық әлеуметтік эконауқанның V циклі басталды.
TURAQTY JOL – мәдени-адамгершілік және экологиялық құндылықтарды бойына сіңіру арқылы өскелең ұрпақты туған жерге ұқыпты қарауға бағыттайтын бастама. Бұл бағдарлама - Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Федерациясының бас серіктесі ЦентрКредит Банкі және ресми серіктесі «Шеврон» компаниясымен ынтымақтастықта табысты жүзеге асырылған жобаның төрт циклінің жалғасы болып табылады.
Жобаның іске асырылуы Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО iстерi жөнiндегi ұлттық комиссиясы, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік кеңсесі қолдауымен өткізіледі.
TURAQTY JOL экологиялық идеялар мен жобалар фестивалін өткізуі дәстүрлі түрде басты оқиғасы болмақ. Қатысуға экологиялық мәдениетті дамытуға және елдің тұрақты даму жолындағы қозғалыс векторын нығайтуға бағытталған нақты және тиімді экологиялық бастамалары бар, 16 мен 35 жас аралығындағы жас экологиялық белсенділер шақырылады. Іріктелген және оқу дайындығынан өткен үздік 10 команда ағымдағы жылдың мамыр айында Алматы қаласында конкурстық идеяларды іске асыруға бағытталатын жалпы 15 миллион теңге көлеміндегі жүлде қоры үшін бәсекелеске жиналады. Жеңімпаздар бірінші орынға 6 миллион теңге, екінші орынға 4 миллион теңге және үшінші орынға 3 миллион теңге, сондай-ақ әрқайсысы 1 миллион теңгеден 2 ынталандыру сыйлығына ие болады.
TURAQTY JOL экологиялық идеялар мен жобалар фестивалінің ережелерімен танысып, келесі сілтеме арқылы тіркеле аласыз: https://forms.gle/ns9f8dfFbGczVRjy5
Өтініштер 2024 жылдың 17 сәуіріне дейін қабылданады.
Осы бағдарлама аясында, Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында, 7 сәуір күні Түрксіб ауданында 100 түп ағаш көшеттерін отырғызу жоспарлануда. Іс-шара қаланың экологиялық жағдайын жақсарту үшін, өз уақытын және күш-жігерін жұмсауға дайын ондаған еріктілер мен табиғат қорғау белсенділерінің басын қосады. Бұл іс-шара қала тұрғындарының қоршаған ортаға деген қамқорлығын көрсетуге және пікірлес адамдармен бірге қала аумақтарын көгалдандыруға үлес қосуға мүмкіндік береді.
8 маусымда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аясында еліміздің барлық 17 облысы мен республикалық маңызы бар қалаларда жаһандық сенбілік өткізу жоспарлануда. Бұл іс-шараның мақсаты экологиялық мәдениетті және табиғат пен еңбекке жауапкершілікпен қарауды насихаттауға бағытталған, аумақты ерікті түрде жинау болып табылады.
Сонымен қатар, TURAQTY JOL бағдарламасы Тұрақты Даму Мақсаттарын қолдауға бағытталған бірқатар іс-шараларды қарастырады. Олар 2024 жылдың қыркүйегінде өнер байқауы мен дөңгелек үстел өткізу арқылы елдегі балалардың шығармашылығын дамытуға, соған қоса Қазақстандағы ісін жаңадан бастаған және тәжірибелі кәсіпкерлер арасында ESG қағидаттарын бизнес секторына енгізуге назар аударады.
TURAQTY JOL бастамашылары өткен жылдар тәжірибесіне негізделгеннен бұл жоба жастардың экологиялық санасын арттыруға, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті қалыптастыруға және тұрақты дамуды қолдауға елеулі үлес қосатынына сенімді.