2024 жылдың 6 желтоқсанында сағат 11:00 де Шығармашылық Академиясының көрермен залында халықаралық "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні" науқаны аясында Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясының қолдауымен Ақтөбе өңірі бойынша ЮНЕСКО клубтарының ұйымдастырған «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз» атты жобаның салтанатты қорытындылау концерті өтті.
Аталмыш жоба Ақтөбе өңірілік Қазақстандық ЮНЕСКО клубтарының өкілдігі- Қалалық оқушылар сарайы және Қалалық көркемсурет лицейі ұйымдастыруларымен жүзеге асты. Жобаны Орталық Азиядағы Нидерланд Корольдігінің Елшісі, Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания Елшісі, Алматыдағы ЮНЕСКО Өңірлік кеңсесі және Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы қолдады. Осы бастаманың аясында 16 күн бойы Ақтөбе өңірі бойынша 17 ЮНЕСКО клубтары өз базаларында 27 түрлі деңгейдегі шара ұйымдастырды.
Ұйымдастырылған шаралар бойынша әр ұйым жеңімпаз анықтап, диплом, алғыс хат немесе сертификат табыстау үшін өткізілген қорытындылау концертіне шақырылды. Марапаттар Орталық Азиядағы Нидерланд Корольдігінің Елшісі, Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания Елшісі, Алматыдағы ЮНЕСКО Өңірлік кеңсесі және ЮНЕСКО клубтарының Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы атынан табысталды.
Жобаны қолдап, қорытындысын салтанатты түрде жариялай отыра қатысушыларға жылы лебізін арнау үшін:
• ЮНЕСКО-ның Алматыдағы аймақтық кеңсесінің әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар секторының меңгерушісі - Байбеков Мақсат Талғатұлы;
• Экономика ғылымдарының кандидаты, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы аймақтық кеңсесінің халықаралық сарапшысы – Илиясова Әлия Қадырқызы;
• Облыс әкімі жанындағы әйелдер және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы - Корганбаева Маржан Нагашбекқызы қатысты.
Марапаттау салтанаты барысында көрермендерге өткізілген жобалардың қысқаша видео-көрсетілімі, Шығармашылық Академиясы оқушыларының дайындаған концерттік номерлері және қатысушылардың көркем көрмесі паш етілді.