ASPARA FASHION WEEK
Дата проведения: Сәуір 25, 2025

ASPARA FASHION WEEK қатысушылары – Оқушылар сарайында!
ASPARA FASHION WEEK KARAVANSARAY TURKESTAN XV маусымының ұйымдастырушылары мен халықаралық дизайнерлері бүгін Оқушылар сарайына арнайы келіп, жас өнерпаздарымызбен кездесті. Сондай-ақ ішкі тыныс-тіршілігімізбен танысты. Кездесу барысында олар жас дарын иелерімен пікір алмасып, олардың шығармашылық әлеуетін жоғары бағалады. Сонымен қатар, қонақтар сарай ішіндегі оқу-шығармашылық үдерісімен, үйірмелердің жұмысымен, жасөспірімдердің жетістіктерімен танысып, рухани байланыс орнатты.
Сән әлемінің майталмандары оқушылардың шығармашылығына тәнті болды, әрі жоғары бағасын берді
Цель мероприятия: Халықаралық деңгейдегі сән мамандары мен ұйымдастырушылар жас таланттардың шығармашылығымен танысып, олардың өнеріне шабыт беру, кәсіби бағыт-бағдар көрсету мақсатында келді.
Компетенция: Мәдени әртүрлілік
Уровень: Халықаралық
Категория: Жаңалықтар