
Оқушылар сарайында “Спутниктік робототехника және ғарыштық байланыс” үйірмесінде “Ғарыш тақырыбындағы ғылыми жобаларды STEM бағытында жүргізу” тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ семинар-тренинг форматында ұйымдастырылып, қатысушылар STEM білім беру әдістемесіне негізделген жобалау тәсілдерін меңгерді. Сабақ барысында физика, математика, информатика, химия және география пәндеріне сүйене отырып дайындалған ғылыми жобалар таныстырылып, пәндік байланыстың өзара маңыздылығы талқыланды.
Сабақ оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ ғылым мен технологияға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды. Оқушылар ғылыми идеяларын нақты жобалар арқылы ұсынуға мүмкіндік алып, өзара пікір алмасу арқылы тәжірибе жинақтады.