2024 жылғы 11 желтоқсанда Алматы қаласында TURAQTY JOL Ұлттық әлеуметтік эконауқанының V мерейтойлық циклінің қорытындылары таныстырылды.
Іс-шараның басты мақсаты - жобаның ағымдағы жылдың негізгі жетістіктерін көрсету, сондай-ақ Қазақстанда экологиялық білім беруді дамытудың келешектегі перспективалары мен орнықты бастамаларын талқылау болды.
Эконауқанды жүзеге асыру барысында барлығы 20 000-нан астам адам және 3 500 тікелей қатысушы қамтылып, шығармашылық байқау мен инновациялық идеялар фестиваліне 400-ден астам өтінім жіберілді. Сонымен қатар, 100-ден астам көшет отырғызылып, қайта өңдеуге берілген 4 тонна қалдықтар жиналды.
«ЦентрКредит Банкі климаттық стратегияның міндеттерін іске асыра отырып және жауапты кредит беру қағидаттарын ұстана отырып, өз қызметіне орнықты даму қағидаттарын белсенді ықпалдастырады. Мұндай тәсіл реттеушінің талаптарына сәйкес келеді. Сонымен қатар халықаралық қаржы институттарынан қорландыруға қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, банктің нарықтағы позициясын нығайтады. Біз үшін бұл тек заманауи стандарттарға сәйкес келу ғана емес, сонымен қатар клиенттер мен серіктестерге жаңа мүмкіндіктер ашуға мүмкіндік беретін айтарлықтай бәсекелестік артықшылық», - деп ЦентрКредит Банкінің орнықты даму дирекциясының (ESG) басшысы Арнур Ибраев атап өтті.
Іс-шараға экология, орнықты даму, медиа жобалар және халықаралық ынтымақтастық саласындағы жетекші сарапшылар қатысты. Олардың арасында қаржы секторы, ірі бизнестің өкілдері, сондай-ақ экологиялық байқаулардың жеңімпаздары мен табысты экологиялық стартаптарды жасаушылары болды. Спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, орнықты дамудың, қоршаған ортаны қорғаудың және экологиялық құндылықтарды қоғамдық және білім беру практикаларына енгізудің маңызды мәселелерін талқылады.
"TURAQTY JOL эконауқанының арқасында біз жасыл сутек өндіру жөніндегі жобамызды әзірлеуді бастадық, оны "2024 Invention Convention China" Фестивалінде жеңімпаз команданың бір бөлігі ретінде ұсыну маған бақыт сыйлады”, - деп "Carbonick" командасының өкілі Фатима Бәкірова өз әсерлерімен бөлісті.
"Эконауқанның түрлі жастағы, мамандықтағы және тұратын қалалардағы адамдарды біріктіруде үлкен құндылық бар екенін көріп отырмыз. Жоба кезінде туындаған тамаша эко-шығармашылық идеяларға қатысы болуды мақтан тұтамыз және олардың одан әрі дамуына үміттенеміз", - деп «Шеврон» компаниясының өкілі Жанар Қошпанова TURAQTY JOL жобасын іске асырудың жоғары деңгейін атап өтті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, келесі жылы TURAQTY JOL эконауқанын жүзеге асыру аясында Республикалық ғылым мен шығармашылық синергия фестивалі мен Ecomedia Camp сияқты жаңашылдықтарды енгізу жоспарлануда, ол медиа саласында экологиялық проблемаларды дұрыс және өзекті түрде жариялауға дайын жаңа ұрпақты дайындауға мүмкіндік беретін болады.
TURAQTY JOL - бұл мәдени-адамгершілік және экологиялық құндылықтарды бойына сіңіру арқылы өскелең ұрпақты туған жерге ұқыпты қарауға бағыттайтын тәрбиелік бастама. Бұл бағдарлама - Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Федерациясының бас серіктесі ЦентрКредит Банкі және ресми серіктесі Chevron компаниясымен ынтымақтастықта табысты жүзеге асырылған жобаның төрт циклінің жалғасы болып табылады.
Жобаның іске асырылуы Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО iстерi жөнiндегi Ұлттық Комиссиясы, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік кеңсесі қолдауымен өтті.
Жобаның ақпараттық серіктестері ретінде Alash Media Group және NurMedia холдингтері кірді.