
Алматы қаласында 2025 жылғы 19-20 ақпанда ЮНЕСКО қауымдастықтары мен клубтарының Бірінші Жаһандық Жастар Форумы (GYF) өтті. Бұл Форум әлемнің 60-қа жуық елінен 150-ден астам қатысушыны біріктірді.
Форум ЮНЕСКО және Дүниежүзілік ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтарының Федерациясы (WFUCA), Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясының, Қазақстан және Франция ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияларының, сондай-ақ ҚР Сыртқы істер министрлігінің, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Іс-шараның салтанатты ашылуы аясында ЮНЕСКО Бас директорының «Африка» басымдығы және сыртқы байланыстар жөніндегі орынбасары Фирмин Эдуард Матоко мырза Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясының клубтық қозғалысын дамытудағы 15 жыл үздіксіз жұмысы үшін ЮНЕСКО-ның «Бес құрлығы» ескерткіш медалін табыс етті. Өз сөзінде: "Бұл табыс тамаша жетістіктердің дәлелі болып табылады. 2009 жылы құрылған Қазақстандық Федерациясы ЮНЕСКО-ның құндылықтары мен бағдарламаларын халықаралық деңгейде ілгерілетуге елеулі үлес қосты", - деп атап өтті.
Екі күн бойы ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтарының өкілдері, сондай-ақ үкіметтік, академиялық және бизнес саласының мамандары, соның ішінде ЮНЕСКО сарапшылары әлеуетті арттыру, жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, жасанды интеллектіні пайдалану этикасы, цифрлық технологияларды қолдану, тұрақты туризм, климаттың өзгеруі, инклюзия және көркем білім мәселелерін талқылады.
"Мұнда әрбір қатысушы өз жобаларын таныстыру мүмкіндігіне ие болып, пікірлестермен байланыс орнатып және әлемнің түкпір-түкпірінен келген әріптестерімен табысты тәжірибелерімен алмасты. Ынтымақтастық пен диалогтың арқасында түрлі мәдениеттердің, ұрпақтар мен өңірлердің адамдары маңызды әрі тиімді өзгерістерге жол ашты", - деп Дүниежүзілік және Қазақстандық ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтарының Федерацияларының Президенті Болат Ақшолақов атап өтті.
Іс-шара аясында Қазақстанға ЮНЕСКО-ның ізгі ниет елшісі Х. Аббин, жасанды интеллект саласындағы әлемдік жетекші профессор Д-р В. Холмс, Дүниежүзілік ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтарының Федерациясының Атқарушы кеңесінің мүшелері және басқа да тұлғалар арнайы жоғары мәртебелі қонақтар ретінде келді.
"Жаһандық жастар форумында мен алғаш рет Сенегалдан Жапонияға дейінгі 60 елдің қатысушыларымен кездестім. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген жастарды ортақ құндылықтар айналасына біріктірген іс-шараға қатысу ЮНЕСКО клубтары қозғалысының болашағы зор екенін растады. Бізді тек ғана біріктірмей, естуге, жаһандық диалогқа өз үлесімізді қосуға және әлемді жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік бергенін түсіну аса қуантады", - деді Мадагаскардан келген қатысушы Онитиана Летисия Ратсивахини.
Бұл іс-шара "Karachaganak Petroleum Operating B. V." компаниясының, ЦентрКредит Банкінің, "Қазақстан" қонақ үйінің, Doscar компаниялар тобының және "Шымбұлақ" тау курортының қолдауынсыз мүмкін болмас еді.
"ЮНЕСКО қауымдастықтары мен клубтары жастарға әлеуметтік жауапкершілікті, мәдени хабардарлықты, бейбітшілікті және тұрақты дамуды насихаттап, жаһандық мәселелерді шешу үшін өздерінің шығармашылық әлеуетін пайдалана отырып, өзгерістердің көшбасшылары мен бастамашылары болуға мүмкіндік береді", - деп Габриэла Рамос, ЮНЕСКО Бас директорының әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар жөніндегі орынбасары атап өтті.
Форум аясында – «2025-2030 жылдарға арналған ЮНЕСКО қауымдастықтары мен клубтары жастарының жол картасы: тұрақты болашақты бірге құру» қабылданды. Бұл құжат 94 елдегі 5000-нан астам ұйымды қамтитын қозғалыстың стратегиялық даму бағыттарын анықтап, жастардың мүмкіндіктерін кеңейтеді және ЮНЕСКО клубтарының көшбасшылар желісін нығайтады. Алматы жол картасы кез келген жастар немесе жастарға бағдарланған ұйымдарға да пайдалы бола алады.