2025 жылғы 3 қарашада Алматы қаласындағы Республика сарайында ЮНЕСКО эгидасымен ұйымдастырылған THE PLANET OF ART – 2025 халықаралық жастар фестивалінің музыкалық циклінің Гала-концерті өтті. Іс-шараны Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясымен және А. Селезнёв атындағы Алматы хореографиялық училищесімен бірлесіп ұйымдастырды.
Сахнада Әзербайжан, Армения, Гондурас, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Корея, Қырғызстан, Латвия, Мексика, Нидерланды, Ресей, Румыния, АҚШ, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Швейцария елдерінен келген 18 елдің 12 мен 18 жас аралығындағы 40 лауреат өнер көрсетті. Олар вокал, аспаптық және хореографиялық бағыттар бойынша өз шеберліктерін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының симфониялық оркестрі сүйемелдеуімен, маэстро, «Astana Ballet» театры мен «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының бас дирижері, «Құрмет» орденінің иегері Арман Қуанышұлы Уразғалиевтың жетекшілігімен өнер көрсетті.
«Биылғы жылы жоба бұрын-соңды болмаған ауқымға жетті — фестивальге 18 елдің өкілдері қатысты, ал Гала-концертке екі жарым ыңнан астам көрермен жиналды. THE PLANET OF ART жыл сайын өз көкжиегін кеңейтіп, жаңа буынды ЮНЕСКО құндылықтарының рухындағы өзара түсіністікке, достық пен шығармашылыққа шабыттандырып келеді», – деді Дүниежүзілік және Қазақстандық ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтарының Федерацияларының президенті Болат Оралұлы Ақшолақов.
Концерт бағдарламасына Абай Құнанбайұлының, Нұрғиса Тілендиевтің, Петр Чайковскийдің, Сергей Рахманиновтың, Антонио Вивальдидің, Жорж Бизенің шығармалары, сондай-ақ мерейтойлық және халықаралық мәдени оқиғаларға арналған заманауи музыкалық туындылар енді.
ЮНЕСКО эгидрасының аясында өткен THE PLANET OF ART халықаралық жастар фестиваліне биыл 20 жылдан аса ұйымдастырыл жатыр. Осы кезеңде жоба әлемнің түрлі елдерінен шамамен 90 000 қатысушыны қамтып, ұлттық деңгейден халықаралық деңгейге дейін кеңейді.
2025 жылы фестивальдің музыкалық циклі Қазақстанның Дүниежүзілік ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтарының Федерациясына төрағалық етуі аясында, Алматы қаласы Әкімдігінің, ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының, ЮНЕСКО, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, ҚР Сыртқы істер министрлігінің, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік кеңсесінің қолдауымен өтті.
Фестивальдің басты мақсаты — дарынды жастарды қолдау, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, мәдениеттер арасындағы диалогты нығайту және «бейбітшілік мәдениеті» тұжырымдамасын ілгерілету. Жоба ресми серіктестердің — Eurasian Resources Group (ERG) және «Тенгизшевройл» компанияларының, сондай-ақ CNPC Aktobe MunaiGas, KazPetrol Group, TotalEnergies EP Kazakhstan, Shell Kazakhstan, «Саутс-Ойл» мұнай компаниясы, «КумкольТрансСервис» және «SMM-Ойл» компаниялары серіктестерінің қолдауының арқасында жүзеге асты. Осылайша, балалардың жобаға қатысуы тегін болды, бұл ауылдық және әлеуметтік аз қамтылған топтардан шыққан жастар үшін тең мүмкіндік жасады.
Жобаның серіктестері қатарында: Alt Sound, «Қазақстан» шипажайы, “Doscar” компаниялар тобы, “Samal” су бренді, “Metapsychology” халықаралық психология және даму орталығы, “Orlova Beauty Room” салоны болды.
Ақпараттық қолдау “The Steppe” басылымы мен “Almaty TV” телеарнасы тарапынан көрсетілді.
Іріктеу нәтижесі бойынша лауреаттар 26 қазан мен 5 қараша аралығында Қазақстанға шақырылып, кәсіби шеберлікті арттыруға және мәдени алмасуға бағытталған 10 күндік білім беру және мәдени бағдарламаға қатысты.