Өткенді ескере, болашаққа ұмтылу
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ӘЛЕМНІҢ 20 ЕЛІНЕН КЕЛГЕН ЖАСТАР ЮНЕСКО-НЫҢ БҮКІЛӘЛЕМДІК МҰРА НЫСАНДАРЫ ЖӨНІНДЕ ТАЛҚЫЛАДЫ
Автор: kazfuca
Дата проведения: Шілде 27, 2023
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ӘЛЕМНІҢ 20 ЕЛІНЕН КЕЛГЕН ЖАСТАР ЮНЕСКО-НЫҢ БҮКІЛӘЛЕМДІК МҰРА НЫСАНДАРЫ ЖӨНІНДЕ ТАЛҚЫЛАДЫ

2023 жылғы 22-23 шілдеде Алматы қаласындағы UN Plaza ғимаратында "Дүниежүзілік мұра" тақырыбындағы Екінші Халықаралық ЮНЕСКО моделі өтті. ЮНЕСКО аясында өткен ауқымды іс-шара барысында 20 елдің атынан 34 жас делегат қатысты, олар өздерінің бірегей дағдылары мен Дүниежүзілік мұра туралы терең білімдерін көрсетуге мүмкіндік алды.

Жобаның басты мақсаты – ЮНЕСКО бағдарламаларының негізгі басымдықтары бойынша жаһандық диалог пен білім алмасу үшін жастардың мүмкіндіктерін кеңейту.

Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясының президенті Болат Ақшолақов өзінің құттықтау сөзінде: «Федерация әлемдік табиғи және мәдени мұраны сақтау мен ілгерілетудегі жастар арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін осындай диалог алаңдарына бастамашы болуға әрқашан дайын, бұл тұрақты дамуға қол жеткізу және болашақ ұрпаққа дұрыс құндылықтарды сіңіру факторларының бірі болып табылады»

Өз кезегінде, Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы директорының м. а. Амир Пирич мырза, ұлттық және аймақтық деңгейдегі мұра бойынша жас мамандарды даярлаудың маңыздылығын атап өтіп, бұл мамандар Орталық Азия қатысушы-мемлекеттерінің Дүниежүзілік мұра объектілерін басқаруға, қорғауға және ілгерілетуге, сондай-ақ жаңа нысандарды Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізу бойынша ұсыныстарын қолдайтынын айтты.

Бірінші күннің нәтижесінде келесідей номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:

Үздік делегация: Гонконг, Americana Chen Sze Wa, Sky Man Chun Lee.

Үздік презентация: Аргентина, Tengku Puteri An Nur Ateliea Hashamuddin Zaizi, Puteri Elisa Mysara Binti Husni.

Үздік спикерлер: Әзірбайжан, Zarifa Ahmadzada және Малайзия, Alina Pannirselvam.

Жобаның екінші күнге арналған бағдарламасы аясында делегаттар Қазақстандағы ЮНЕСКО -ның Бүкіләлемдік мұра нысандарының бірі - Таңбалы археологиялық ландшафтының петроглифтерін көруге барды.

Бұл мекен - адамзаттың ежелгі тарихы мен мәдени дәстүрлерінің айғағы бола отырып, ерекше маңызға ие. Бұл сапар қола дәуірінің атмосферасына енуге, жартастағы таңғажайып суреттерді тамашалауға және еліміздің мәдени мұрасы туралы көбірек білуге бірегей мүмкіндік берді.

"ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰРА" Екінші Халықаралық ЮНЕСКО Моделінің ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық Комиссиясының және Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросының қолдауымен Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы болып табылады.

Категория: Сайттың жаңалықтары