Өткенді ескере, болашаққа ұмтылу
Алматы қаласында «Fit4Life UClubs Cup» қалалық спорттық турнирі өтті
Автор: kazfuca
Дата проведения: Сәуір 27, 2026
Алматы қаласында «Fit4Life UClubs Cup» қалалық спорттық турнирі өтті

Алматы қаласында «Fit4Life UClubs Cup» қалалық спорттық турнирі өтті. Бұл іс-шара спорттың жастарды салауатты өмір салты, көшбасшылық және тұрақты даму құндылықтары аясында біріктіре алатынының жарқын үлгісіне айналды.

Турнир 2026 жылдың 25 сәуірінде өткізілді және Алматы қаласы бойынша 8 ЮНЕСКО клубтарының ішінен 13 пен 18 жас аралығындағы 64 қатысушы жиналды. Ұйымдастырушылар – Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы мен «Шымбұлақ» тау курорты – ЮНЕСКО Клубы және қолдаушылар – Tamos Education – ЮНЕСКО Клубы.

Жарыс аралас командалар арасында волейбол турнирі форматында өтті. Бұл – алаңда бір уақытта қыздар мен ұлдар бірге ойнайтын ерекше формат. Мұндай тәсіл командалық үйлесімділікті арттырып қана қоймай, барлығына бірдей мүмкіндік пен теңдік қағидаларын көрсетеді.

Қатысушылар қатарын Алматы қаласындағы ЮНЕСКО клубтары, олар қаладағы жетекші білім беру ұйымдары мен мекемелерін, соның ішінде SDL School, Tamos Education, Республикалық физика-математика мектебін, Alemmedia, Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжін, Q University, «ZAMAN» элиталық қазақ мектебін, сондай-ақ П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжін қамтиды.

Бағдарламаның ең маңызды бөлігі - Қазақстандағы ЮНЕСКО клубтарының Елшісі, 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері және Азияның үш дүркін чемпионы Нариман Құрбановпен өткен көшбасшылық кездесу болды. Бұл кездесу қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, турнирдің маңызды мотивациялық бөлігіне айналды.

«Қазақстандағы ЮНЕСКО клубтарының Елшісі ретінде, Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясының клубтармен бірге осындай бастамаларды жүзеге асырып жатқанына шын жүректен қуаныштымын. Бұл тек спорт емес – бұл мінез қалыптасатын, рух шыңдалатын және нағыз командалық сезім туатын орта. Дәл осы жерде жастар өзіне сенуді, бір-бірін қолдауды және өз болашағы үшін жауапкершілік алуды үйренеді», – деп атап өтті Нариман Курбанов.

Турнир ЮНЕСКО-ның “Fit for Life” жаһандық бастамасы аясында өткізілді және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын, соның ішінде «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» бағытын ілгерілетуге бағытталған.

«Алматы қаласындағы ЮНЕСКО клубтарының өңірлік өкілдігінің спорт комиссиясының үйлестірушісі ретінде, “Шымбұлақ” тау курорты “Fit4Life UClubs Cup” турнирінің ұйымдастырушыларының бірі болғаныма қуаныштымын. Спорт пен белсенді өмір салты – Шымбұлақ құндылықтарының маңызды бөлігі. Біздің курортта тау шаңғысы спорт түрлері бойынша да, жүгіру жарыстары мен hiking іс-шаралары да тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Біз осындай энергияны ЮНЕСКО клубтары қауымдастығымен бөлісуге қуаныштымыз. Бұл – оқушыларға өздерін көрсетуге, жаңа достар табуға және жарыс атмосферасын сезінуге мүмкіндік береді», – деді “Шымбұлақ” тау курорты Shymbulak Outdoor бөлімінің жетекшісі Махамбет Абдуллаев.

Қарқынды әрі тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша турнир жеңімпазы атанып, 1-1-орынды Республикалық физика-математика мектебі – ЮНЕСКО клубы командасы иеленді. 2-орын Zaman Элиталық қазақ мектебі – ЮНЕСКО клубы командасына, 3-орын иегері SDL School мектеп – интернат – ЮНЕСКО клубы командасы атанды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және сыйлықтармен марапатталды. Дегенмен, турнирдің басты мақсаты тек мықтыларды анықтау ғана емес, сонымен қатар ЮНЕСКО клубтары арасындағы байланысты нығайту, жастар әлеуетін дамыту және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру болды.

Категория: Сайттың жаңалықтары