
31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл күннің тарихын келер ұрпақ ұмытпайтыны анық.
Бүгінгі күнге орай Оқушылар сарайының ұжымы мен оқушылары алаш зиялыларының өмірінен құрылған “ТАР ЗАМАН” фильмін тамашалады.
📍Фильм рулық қоғамнан Ұлттық мемлекет құрамыз деп, өз уақытынан оза шапқан тұлғаларға арналады. Алашорда үкіметін құру жолында күрескен Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Смағұл Садуақасов сынды тұлғалардың көркем образдары көрініс тапқан және басты кейіпкердің бірі Әлихан Бөкейхановтың тартысқа толы кезеңі суреттеледі.
❗️Тұлғаларымыздың ел үшін күрескен еңбегі, олардың бір-бірімен байланысы, көзқарасы мен ұстанымы, махаббаты мен тағдыры бізге үлгі.
Тарихымызды ұмытпас үшін және дәріптеу үшін мұндай кино көрсетілімдерді алдағы уақытта да жиі ұйымдастыратын боламыз.