Өткенді ескере, болашаққа ұмтылу
16 қарашада Париждегі ЮНЕСКО Штаб-пәтерінде Partnerships Hub аясында "Associations and Clubs for UNESCO as a driving force for a sustainable future" атты сессиясы өтті
Автор: kazfuca
Дата проведения: Жел. 26, 2023
16 қарашада Париждегі ЮНЕСКО Штаб-пәтерінде Partnerships Hub аясында "Associations and Clubs for UNESCO as a driving force for a sustainable future" атты сессиясы өтті

16 қарашада Париждегі ЮНЕСКО Штаб-пәтерінде Partnerships Hub аясында "Associations and Clubs for UNESCO as a driving force for a sustainable future" атты сессиясы өтті. Әлемнің әртүрлі аймақтарынан мүдделі тараптарды онлайн және офлайн форматта біріктірген кездесу - тұрақты қоғамды қалыптастырудағы қауымдастықтар мен клубтардың рөлін талқылауға арналған алаң болды.

Сессияның басты оқиғасы - Қазақстан ЮНЕСКО хатшылығымен және 30-дан астам мүше мемлекеттермен ынтымақтастықта бастамашылық еткен "United by UNESCO: Associations and Clubs for UNESCO as a driving force for a sustainable future" кітабының тұсаукесері еді. Бұл басылым 75 жылдан астам уақыт бұрын құрылған ЮНЕСКО-ның ең көне серіктестік желілерінің бірі болып табылатын клубтар қозғалысының даму тарихын қамтып, ЮНЕСКО-ның инклюзивті және тұрақты қоғам құру жөніндегі көзқарасын іске асыруда бүкіл әлем бойынша белсенді еріктілердің маңызды рөлін атап көрсетеді. Бұл басылымның ағылшын және француз тілдеріндегі электрондық нұсқасы келесі сілтеме бойынша қол жетімді: https://unesdoc.unesco.org/ark:/48223/pf0000387420

Іс-шара Африка басымдықтары мен ЮНЕСКО-ның сыртқы қатынастары секторының, Дүниежүзілік ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтары Федерациясының Президенті Болат Ақшолақов мырзаның бейне хабарлама арқылы ұсынған, сондай-ақ ЮНЕСКО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Асқар Әбдірахманов мырзаның құттықтау сөздерімен басталды.

Сонымен қатар, басылымның авторы, доктор Кристина Станка-Мустеа ЮНЕСКО-ның 13-ші Жастар форумының делегаттары болып табылатын клуб қозғалысының жастар өкілдерімен панельдік пікірталас өткізді. Олар өздерінің жергілікті ЮНЕСКО қауымдастықтары мен клубтарының жобаларына қатысу тәжірибелерімен бөлісті және қозғалыстың болашақ дамуы туралы өз көзқарастарын білдірді.

Ұйымдастырушылар"Altyn Qyran Foundation" бас демеушісіне алғыс білдіреді және бұл кездесу жастарға бағытталған іс-шаралар мен барлық деңгейдегі клубтық қозғалыс шеңберіндегі ынтымақтастықты дамытуға түрткі болады деп сенеді.

Іс-шараның трансляциясына арналған бейне материал: https://youtu.be/suNIatrMch4?feature=shared

Категория: Сайттың жаңалықтары