
Бүгін, мектепте мереке қарсаңында қалалық мәслихат депутаты, экоконсультант Сексенова Айман Қазиқызының қатысуымен «Макулатура тапсыр, орманды қорға» атты акция ұйымдастырылды. Акцияны ұйымдастыруға қағаз қалдықтарын қайта өңдеп, жаңа, дайын өнім шығаратын зауыт «Lucrum Star» ЖШС атсалысты.
Оқушыларды ынтыландыру мақсатында «Lucrum Star» ЖШС жүлделі орындарды тағайындады.
1 -орынға барлық класс оқушыларына киноға билет.
2 -орынға "Флайтайм" батут орталығына барлық класс оқушыларына билет.
3 -орынға "Марвин" кітап дүкеніне 5 мыңнан 10 сертификат.
Акцияның қорытындысы бойынша 429 кг макулатура тапсырып жүлделі 1 - орынға 7 «Ә» класс ие болды, класс жетекшісі Г.К. Бекетова.
374 кг макулатура тапсырып 2 «Ә» класс 2 -орынға ие болды, класс жетекшісі Р.Т.Ералина.
345 кг макулатура тапсырып 1 «А» класс 3 -орынды иеленді, класс жетекшісі С.Ж.Қожан.
Акцияға мектептің барлық кластары қатысты. Мектеп бойынша 9700 кг макулатура тапсырды. Барша оқушылар мен ата-аналарға
ризашылығымды білдіремін.