Помня о ПРОШЛОМ, стремиться в БУДУЩЕЕ
Қалалық семинар
Автор: Городской Дворец школьников - Клуб ЮНЕСКО г. Актобе
Дата проведения: 29 февраля 2024 г.
Тәлімгер- тәрбиенің шамшырағы

2024 жылғы 29 ақпанда "Әдістемелік кабинет" КММ және Қалалық оқушылар Сарайы" МКҚК- ЮНЕСКО клубы жоспарына сәйкес # 13 ОМ базасында аға тәлімгерлерге арналған "Тәлімгер- тәрбиенің шамшырағы" тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырылды. Шараға қала мектептерінің 33 аға тәлімгерлері қатысты. Семинарды мектеп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ. Анешова алғы сөзбен ашып, мектеп ерекшеліктеріне тоқталды. Семинар барысында мектептің аға тәлімгері Г. Жүсіп " Жас Ұлан" ұйымының жұмысымен таныстырып, топтық жұмыс ұсынды. Мектеп психологі А.Керекова таныстыру жаттығуларын өткізді. Сонымен қатар мектептің дене шынықтыру мұғалімдері Р. Ғали мен Ж. Коржиковтың шәкірттері қатысушыларға ұлттық ойындары:" Бес табан", "Бес асықтан" көріністер көрсетіп, тәлімгерлердің бір тобы асық ойнап көрді. Шараның соңында ұсыныстар мен тілектер айтылып, кері байланыс жасалды.

Цель мероприятия: Аға тәлімгерлерге балалар ұйымы қызметінде қолданылатын әртүрлі әдіс- тәсілдермен таныстыру және тәжірибемен бөлісу
Компетенция: Информационная грамотность
Уровень: Городской
Категория: Новости клубов