Помня о ПРОШЛОМ, стремиться в БУДУЩЕЕ
Қайырымдылық концертінің есебі
Автор: Дом школьников №6 - Клуб ЮНЕСКО г. Алматы
Дата проведения: 3 марта 2024 г.
«Жылды жақсылықпен баста» атты қайырымдылық акциясы

03.03.2024 жылы сағат 12.00-де Алматы қаласы, Білім басқармасы «№6 Оқушылар үйі»КМҚК ЮНЕСКО Клубы жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Жылды жақсылықпен баста» атты акция аясында Касымов Рашид есімді ауыр науқас баланың тезірек сауғып кетуін қолдау мақсатында қайырымдылық концертін ұйымдастырды. Концертке Оқушылар үйінің өнерлі балалары саханада би билеп, ән шырқады. Концертті тамашалауға ата-аналар, аудан тұрғындары келді. «Біз біргеміз» әнімен «Сенім» үлгілі вокалды -хор студиясының жас өнерпаздары концертті бастады. Сонымен қатар, би студиялары: үлгілі вокалды-хореография студиясы «Экзерсис», «Жұлдыз-ай» би ансамблі, «Genetics» би студиясы, «Кардинал» би ансамблі, «Еркеназ» би ансамблі, «Dizart» би студиясының балалары өте жақсы өнер көрсетті. Концерт соңында №6 Оқушылар үйінің директоры З.А.Аришева мен директордың оқу -тәрбие ісінің орынбасары И.Н. Махарадзе барлық үйірме оқушыларына жоғары деңгейде көрсеткен өнерлері үшін алғыс айтып, бар болғаны 9 жаста ауыр науқасқа шалдыққан, Түрксіб ауданының тұрғыны, өмірге құштар бала Касымов Рашидтің аман-есен жазылып кетуін тіледі. Рашидтің анасы Камилла ханым осы өткен концертке зор тебіренісін білдіріп, концертті Рашид қашықтықтан тамашалағанын және қатты қуанғанын айтып, Оқушылар үйінің ұжымына алғысын білдірді. Екі сағатқа созылған концертте өнер көрсетуге 250 бала қатысты.

Категория: Новости сайта