Название мероприятия: жылды қайырымдылықпен баста!
Дата проведения: 14.01.2021
Цель мероприятия: -Оқушыларды үлкенді құрметтеуге, көмектесуге үйрету; -Жанашырлық пен ізгілікке баулу; -Жақсылық жасауға ұмтылдыру.
Қайырымдылық жасасаң,
Қайырын өзің көресің, — дейді қазақ xалқы. Қайырымдылық-адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі.
Шығармашылық Академиясының оқушыларынан құралған еріктілер тобы және айтыскер, ақын Елшат Еркінұлымен бірге Ақтөбе қаласынан 20 км қашықтықтағы Бекқұл баба ауылының 82 жастағы қариясы Амангелді атаның ауласын тазалап, қарын күреуге көмектесті. Қария оқушыларға өз батасын беріп, жасаған жақсылықтарына разылығын білдірді.