Название мероприятия: ?»Жердің көркі — ағаш» атты шеберлік сағат өтті
Дата проведения: 28.01.2023
Цель мероприятия: Оқушылардың бейнелеу өнері арқылы өнерге, қоршаған өмір құбылысына қызығушылығын ояту, эстетикалық талғамын, әуесқойлығын дамыту және шығармашыл тұлғаны қалыптастырумен қатар оларға әлеуметтік және кәсіби жолын анықтауға ықпал жасау.
?Бүгін «Оқушылар сарайы» — ЮНЕСКО клубы «Жас суретші» үйірмесінде «Жердің көркі – ағаш» тақырыбымен ашық сабақ өтті.
♦️Бұл сабақтың мақсаты – балаларға сурет, кескіндеме, композиция, сәндік өнер және мүсін өнерінің алғышарттарын таныстырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету. Сондай-ақ, оқушылардың қоршаған ортаға, табиғат құбылыстарына қызығушылығын арттырып, қажетті бағытқа қалыптастыру.
?Сабақ барысында жасөспірімдер затқа қарау, еске түсіру және елестету арқылы сурет салу дағдыларына бой үйретіп, жабыстыру мен аппликация жұмыстарының ерекшеліктерімен танысты. Сонымен қатар, қатар қарандашпен, су бояу, гуашь, перо және қылқалам құралдарын қолданудың қыр-сырына қанық болды.
✨Оқушылар сурет салу заңдылықтарын меңгере оттырып, заттың құрылыстық ерекшелігін, қалпын, кеңістіктік жағдайын, түстік ерекшелігін және жарық-көлеңке жақтарына сараптама жасауды үйренді. Сабақ соңында балалардың жұмысы бойынша көрме ұйымдастырылып, шығармашылық қабілеттері бойынша рекомендациялық мінездеме хаты берілді
@unescoсlubskz