Название мероприятия: «Уақыт пен ұрпақ байланысы»
Дата проведения: 12.05.2023
Цель мероприятия: Отанға деген сүйіспеншілікті ояту
2023 жылдың 12-мамырында Қарағанды техника-құрылыс колледжінде Тілдік дайындық ЦӘК оқытушылары З.А.Тусупова, Н.А.Ли, Б.О. Күсенбаеваның ұйымдастыруымен оқу сауаттылығы апталығы аясында «Уақыт пен ұрпақ байланысы» атты оқу бульвары өтті. Оқу бульварының мақсаты: студенттердің функционалдық сауаттылығын қалыптастыру негізінде олардың танымдық қызығушылығын, жеке шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Оқу бульварында Ұлы Абайдың қалдырған аманаты – асыл сөздері «Қара сөздерінен», Б.Л.Васильевтің «А зори здесь тихие», Дж.Байронның шығармашылығынан сахналық қойылымдар көрсетілді. «Архитектура», «Техник-электрик», «Электргаздәнекерлеуші», «Интерьер дизайнері» мамандықтарының студенттері өнері мен білімдерін ортаға салып, көрермендер ықыласына бөленді. Жалпы 100 студент қамтылды.