Название мероприятия: Выставка детского творчества
Дата проведения: 26.10.2022
Цель мероприятия: Развитие детского творчества
26.10.2022 жылы Қарағанды қаласы Майқұдық Мәдениет үйінде Республика күніне арналған халқымыздың тұрмыс — салтын дәріптейтін этно мәдени көрме ұйымдастырылды. Көрмеге көптеген этникалық бағыттағы туындылар мен ұлттық нақыштағы бұйымдар, түрлі тағам түрлері мен сусындар қойылды. Сонымен қатар, көрменің мазмұнын концерттік номерлер жандандыра түсті. Бұл көрмеге «Оқушылар сарайының» Сұрыптау бөлімшесіндегі «Шебер қолдар» үйірмесінің шәкірттері дайындаған туындылары да қойылып, көпшілік қошеметіне бөленді. Үйірме жетекшісі — тәжірибелі ұстаз Мұрат Қалиев.