Республикалық байқау

Оқушыларды отансүйгіштікке, елжандылыққа, тәуелсіздігімізді бағалай білуге тәрбиелеу, туған өлкесі, тарихи мәдениеті және рухани мұрасы туралы жинақталған білімдерін кеңейте отырып, тереңдету.

Название мероприятия: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Гүлдене бер, Қазақстан!» республикалық онлайн байқауы
Дата проведения: 10.12.2020
Цель мероприятия: Оқушыларды отансүйгіштікке, елжандылыққа, тәуелсіздігімізді бағалай білуге тәрбиелеу, туған өлкесі, тарихи мәдениеті және рухани мұрасы туралы жинақталған білімдерін кеңейте отырып, тереңдету.

2020 жылдың 10 желтоқсан күні Қалалық жас туристер стансасы мен Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Гүлдене бер, Қазақстан!» республикалық онлайн байқауы өткізілді.

Байқауға екі номинация бойынша жалпы республика көлеміндегі мектептер мен мектептен тыс мекемелерден 51 оқушы қатысты. «Туған өлкемнің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері» номинациясы бойынша 27 оқушы қатысты. Оқушылар өз өлкесі туралы  маршруттар бойынша 3 — 5 минуттан аспайтын бейнероликтер түсіріп жіберді.

«Ғасырлар куәсі – музейдің ғажайып әлемі» номинациясы бойынша 24 оқушы қатысып, өз бақтарын сынады. Бұл номинацияда оқушылар өз туған өлкесіндегі тарихи – өлкетану немесе мемориалдық музейлері бойынша ұзақтығы 3-5 минут болатын бейнероликтер түсіріп жіберді.

Ссылка на отчетное видео