Название мероприятия: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Табиғат – тіршіліктің тірегі» республикалық видеороликтер онлайн байқауы
Дата проведения: 20.10.2020
Цель мероприятия: өскелең ұрпақты қоршаған ортаға қамқорлық көрсетуді үйрету, табиғатты тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру, жан – жақты дүниетанымын дамыту және экологиялық, эстетикалық тәрбие беру
2020 жылдың 20 қазан күні қалалық жас туристер стансасы Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясымен бірлесіп «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Табиғат – тіршіліктің тірегі» республикалық видеороликтер онлайн байқауы ұйымдастырылып өткізілді.
Бұл байқауға республикадан 1-11 класс оқушыларынан — 64 жұмыс қабылданды. Жалпы байқауға Семей, Алматы, Орал, Қарағанды, Шымкент, Павлодар, Сәтпаев және Ақтөбе қалаларының оқушылары үлкен белсенділікпен қатысты.