Онлайн концерт

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай 30 игі іс акциясының аясында, балаларды жақсылыққа жетелеу мақсатында өткізілген онлай концерт.

Название мероприятия: «Мен-Тәуелсіз елдің ұрпағымын»
Дата проведения: 11.02.2021
Цель мероприятия: ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай 30 игі іс акциясының аясында, балаларды жақсылыққа жетелеу мақсатында өткізілген онлай концерт.

Балалар музыка мектебінің директоры Аханова Б.О ұсынысы бойынша, ақпан айының 11-ші жұлдызында домбыра және фортепиано сыныбының оқушысы Мұхамеджан Қуаныштың «МЕН ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰРПАҒЫМЫН» атты екінші мәрте өткізілген онлайн концерті жоғарғы деңгейде өтті. Концерт барысында Қуаныш қазақтың қара домбырасымен және фортепиано аспабымен көрсеткен өнері инстаграм желісінде өткен тікелей эфирде барша көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Қуаныштың концерт репертуарында  Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы», К.Алдекеновтың «Жаңа ғасыр» және  шетел композиторларының әртүрлі жанрдағы шығармаларын орындағанын көріп,тыңдап оқушының жан-жақты екеніне көз жеткізе аласыздар.Бұл екінші мәрте беріліп отырған онлайн концерт Мұхамеджан Қуаныштың өз тәжірибесі мен өнерін шындау үшін үлкен мүмкіндік берді. Концерт соңында Балалар музыка мектебінің директоры Аханова Б.О. жас дарынды құттықтап, алғыс сөзін білдірді.

Ссылка на отчетное видео