Название мероприятия: «Балалар ұйымы қызметін жетілдірудегі аға тәлімгердің кәсіби және тұлғалық өсуінің маңызы» облыстық шығармашылық шеберханасы
Дата проведения: 26.01.2023
Цель мероприятия: Балалар ұйымы жетекшісі, аға тәлімгерлер кәсібінің әлеуметтік-педагогикалық беделін көтеру
2023 жылғы 26 қаңтарда облыстық ғылыми- тәжірибелік орталығы мен «Қалалық оқушылар Сарайы» МКҚК, Қазақстандық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясыны мүшесінің жоспарына сәйкес «Балалар ұйымы қызметін жетілдірудегі аға тәлімгердің кәсіби және тұлғалық өсуінің маңызы» облыстық шығармашылық шеберхананың 2 отырысы Zoom платформасымен өтті. Балалар ұйымы жетекшісі, аға тәлімгерлер кәсібінің әлеуметтік-педагогикалық беделін көтеру мақсатында өткізілген отырыс барысында педагог-ұйымдастырушы А. Суликанова «Тәлімгер жұмысын жүйелеудің тиімді жолдары»,«Тайм-менеджмент — уақытты ұйымдастыру және оны пайдаланудың тиімділігін көтеру технологиясы» тақырыптары бойынша ақпаратпен бөлісіп, практикалық жұмыстар жүргізді. № 78 ЖОББМГ қосымша білім беру педагогі Г.Жулаева «Аға тәлімгердің құжаттары» бойынша мәліметтер беріп, өз тәжірибесімен бөлісті. Отырыс соңында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ойларын ортаға салды.