Название мероприятия: ?»Ұлттық қолөнерімізді сақтайық» атты шеберлік сағаты өтті
Дата проведения: 31.01.2023
Цель мероприятия: Балаларға қосымша білім беруде оқушының білімін, шеберлігін көрсету. Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту
?«Оқушылар сарайы» — ЮНЕСКО клубы «Шебер қолдар» үйірмесінде «Ұлттық қолөнерімізді сақтайық» атты шеберлік сабағы өтті. Оқу тобына арналған бұл бағдарлама жалпы білім беретін орта мектептің 1-11 сыныптарында білім алатын оқушыларға арналған. Оқушылар үшін бұл пәннің орны ерекше. Себебі, үйірме балалардың бойына сурет, кескіндеме, композиция, сәндік өнер мен мүсін өнерін сіңіріп, қоршаған ортаны тануға, оның сұлулығын көре білуге көмектесіп, көркем-шығармашылық қабілеттерін дамытады.
?Сондай-ақ, оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттырып, өздігінен еңбек ету қабілетін шыңдайды.
♦️Үйірме сабағында оқушылар қолөнер бұйымдарымен танысып, жасалу технологиясын меңгерді. Өз кезегінде бұл процестер балалардың әсемдікті жан-жақты қырынан көре білуін, сезімі, талғамы, көзқарасы мен идеясын қалыптастыруға септігін тигізеді.
@unescoсlubskz