Название мероприятия: конкурс посвященный дню Независимости
Дата проведения: 14.01.2021
Цель мероприятия: Прививать патриотизм, любовь к своей Родине.
үркістан облысы Кентау балалар көркемсурет мектебі
ЮНЕСКО клубы
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде, Әль-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абайдың 175 жылдығына арналған мектеп оқушылары арасында 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай 14.12.2020 жылы « Тәуелсіздік-ұлттық өрлеудің ұлы күші !» атты көркемсурет көрме-байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: Оқушылардың Отан сүйгіштік сезімін ояту , бейнелеу өнері арқылы қоршаған әлемді, өткен тарихымызбен келешегімізді қағаз бетіне түсіре отырып ой өрісін кеңейту, дарынды жас таланттарды қолдау және таныту, көркемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу. Көрме-байқау бейнелеу өнерінің «композиция» жанры бойынша өткізілді. Оқушылар «Тәуелсіздік күні» тақырыбына копозиция құрап салды. Сурет А3 форматында акварель , гуашь және графика тәсілдерінде орындалды . Байқауға қатыстырылған жұмыстар арасынан 29 жұмыс іріктеліп алынды. Көрме-байқауға қатысушы оқушылар Тәуелсіз Қазақстанымыздың 29 жыл ішінде өсуі мен дамуы, болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістерді өздерінің суреттерінде бейнеледі.
Байқауды қорытындылауға әділқазылар алқасы сайланды. Әділқазылар құрамына БКМ-нің директоры: Жұмаш Н.Ы, мектеп директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары: Карибаев А., мектептің «бейнелеу өнері» пәнінің мұғалімі: Рысымбетов А.Б. сайланды. Көрме-байқауға қатысушы оқушылардың суреттері жас ерекшеліктеріне қарай 10-12 жас кіші топ, 13-16 жас үлкен топ болып 2- топқа бөлініп қаралды. Әділқазылар көрме-байқаудың қорытындысы бойынша 2-топ арасында І-орын, ІІ-орын, ІІІ-орын жеңімпаздарын анықтады.
10-12 жас кіші топ арасында жеңімпаздар:
І-орын БКМ-нің 2-сынып оқушысы Құрбанәлі Ғажайып ( жетекшісі: Рысымбетов А.Б.)
ІІ- орын БКМ-нің 2- сынып оқушысы Мамбетова Динара ( жетекшісі: Павленко И.В.)
ІІІ- орын БКМ-нің 3-сынып оқушысы Нұрғалиұлы Нұрболат (жетекшісі:Абдуллаева Н.А.)
13-16 жас үлкен топ арасында жеңімпаздар:
І-орын БКМ-нің 4-сынып оқушысы Айтбек Назгүл (жетекшісі: Умаров У.С.)
ІІ- орын БКМ-нің 2- сынып оқушысы Мырзағали Азамат ( жетекшісі: Рысымбетов А.Б .)
ІІІ- орын БКМ-нің 4-сынып оқушысы Шамуратова Сабина (жетекшісі: Стальмакова Г.А.)
Жеңімпаздар Кентау балалар көркемсурет мектебінің мақтау қағазымен және сыйлықтарымен марапатталды.